ойын сауық отауы
Уақытша тіркеуге тұрмағандар бір айдан соң айыппұл төлейді.
15.07.2017 1 401 0 Дауыл

Уақытша тіркеуге тұрмағандар бір айдан соң айыппұл төлейді.

Жаңалықтар
Уақытша тіркеуге тұрмағандарға жаппай айыппұл салынбақ.

Уақытша тіркеуге тұрмағандар бір айдан соң айыппұл төлейді, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Құқық қорғау органдары жұртшылықты тағы да ескертіп жатыр. Енді заң бойынша басқа жерге айдан аса сапарлаған адам 10 күн ішінде уақытша тіркеуге тұруға міндетті.

Әйтпесе, 7 айлық есептік көрсеткіш, яғни 16 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Бір жылда екінші рет тіркеусіз ұсталса, 30 мың теңге төлейді. Елді дүрліктірген Үкімет қаулысы тек 16 жасқа толмағандарға, денсаулық жағдайына байланысты емделіп жатқандарға және вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге ғана жүрмейді. Ал уақытша тіркеуге 1 айдан 1 жылға дейін тұруға болады. Бірақ, одан көп мерзімге келгендер тиісті құжаттарын көрсеткен жағдайда уақытын 4 жылға дейін ұзарта алады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан бөлек, ғаламтор арқылы тікелуге де мүмкіндік бар. Айта кетерлігі, азаматтардың тіркеусіз жүрген уақытын анықтау тетіктері заңда сол күйі нақтыланбаған. Сондай - ақ, полицейлер ешкімді аңдып жүріп ұстамаймыз деп отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:
- Жедел алдын алу жұмыстары болады деген сөз емес. Бұл өз жұмыс бабымен мысалы, учаскелік инспектор немесе із кесушілер азаматтардың құжаттарын тексеретін болса, егер осындай олқылықтар, қателіктер анықталатын болса ғана әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Уақытша ғой Уақытша ғой
Уақытша ғой қолыңдағы мансап та, Уақытшамыз бүгiн тiрi болсақ та, Мəңгiлiк қой асыл жарың шын сүйген, Қиындықта бiрге тоңып бiр күйген...-
Оңайлатылған салық режимі Оңайлатылған салық режимі
Оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі, немесе қарапайым айтқанда, оңайлатылған, салық есептілігін тапсырудың жеңіл процедурасының
Қазақстан азаматтарын тұрғылықты мекен жай бойынша тіркеу жөнінде не білу керек? Қазақстан азаматтарын тұрғылықты мекен жай
Жаңа жерде қаншалықты жылдам тіркелу керек? Жоғарыда аталған нормативтік құжаттармен қатар, ҚР аумағында ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары да
Сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейді Сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-анасы
Бір реттік айыппұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл 15 мың теңгеге жуық қаржы. Ал сабақтан қашу фактілері қайталанса, ата - аналарға 42 мың
Уақытша жеңістер Уақытша жеңістер
Ғасыр буаз болмаса да әділдікке желіндеп, Қай кезде де Жеңіс даңқы екі топқа бөлінбек: «МӘҢГІ ЖЕҢІС» және «БАРЛЫҚ УАҚЫТША ЖЕҢІСТЕР». Күш жоқ осы
СЭС - тың бала бақшаға айыппұл салуы тypaлы шешіміне қалай қарсылық білдіруге болады? СЭС - тың бала бақшаға айыппұл салуы тypaлы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық тypa¬лы» кодексінің 655 - 657 - баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық тypaлы іс бойынша
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×