ойын сауық отауы
"Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер" жобасы туралы
16.04.2020 2 131 0 Kassen Aisana

"Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер" жобасы туралы

Жаңалықтар
Назарбаев Зияткерлік мектептері жас ұрпаққа ұлттық және халықаралық білім беру тәжірибесіне негізделген білім беріп қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың бойына тәлім - тәрбиенің кірпішін қалайды деуге болады. Тілге тиек ете кететін болсақ, осы күнге дейін жасалып келе жатқан бірқатар жаңа жобалар – мұның дәлелі.

Олар - «Қазақтың 100 әні», «100 кітап», «100 күй», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Ақын - жазушылар», «Менің өмірімде қолданатын мақал - мәтелдер», «Википедия», «READx» атты жобалар. Осы жобалардың арасынан сіздерге «Менің өмірімде қолданатын мақал - мәтелдер» жобасы турасында сөз қозғағым келіп отыр.

«Мақал - мәтел» термині - исі қазаққа мейлінше түсінікті ұғым. Филология ғылымының докторы, профессор Дандай Ысқақ: "Мақал әр кезеңнің оқиғасынан сыр шертеді,- дей келе, – «Мақал – үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы. Оны адам өміріне, тұрмыс – тіршілігіне, қоғамдық жағдайларда кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданады»,- деп тұжырымдайды. Әрине, ғалым пікірімен толықтай келісеміз.

Барлық жаратылысты, құбылысты, мінез - құлықты, адам жанын, т. б. зерттейтін белгілі бір ғылымдар бар секілді, осы мақалдарды да зерделейтін сала қызмет етеді. Мақал - мәтелдерді зерттейтін ғылым «паремиология» деп аталады. Паремиоло́гия көне грек тілінен аударғанда «паромия» - «мақал», «логос» - «ғылым» дегенді білдіреді. Филология ғылымының бір саласы фразеологияның бөлімі болып табылатын бұл ғылым мақалдар мен мәтелдерді, жаңылтпаштарды, афоризмдерді, жұмбақтарды танып - білуге, олардың жіктелу түрлерін зерттеуге арналған.

Қазақ «Сөздің көркі – мақал» дейді. Оны біз талай тарихи туындылардан, қазақ би - шешендерінің дау - дауамайларды шешкен диалогтарынан, даналық сөздерінен, бата - тілектерден, ақын - жазушылардың еңбектерінен аңғарып келеміз. Көненің сарқыты болған мақал - мәтелдер күні бүгінге дейін сақталып жетіп отыруы бізді таңғалдырады емес пе?! «Айтылған сөздері атылған оқтай» қадалып, ауыздан - ауызға таралып жеткен осы мақалдардың авторлары бар ма деген сұрақ туады.

Әрине, бәрін бірдей таппаспыз. Дегенмен қазақ тарихындағы сарабдал саясаткерлердің жөнін білгізіп, жолын сілтеп отырған орақ тілді, от ауызды би - шешендеріміз бен ақылшы көсемдеріміз өмір сүрген. Міне, осы адамдардан өсиет те, өнеге де, аталы сөз де қалған. Ендеше жас ұрпақ осы «аталы сөзге арсыз ғана тоқтамастың» кері болмай, аталы сөзге құлақ түретін, мақалдарды өміршең етуге ат салысулары қажет.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қазақ тауып айтқан, тапқан жерін қауып айтқан. Сондықтан бала тәрбиесінде ата - әженің, әке - шешенің ауызынан қаймақтай тәтті, тыңдар құлаққа жағымды сөз шығу керек. Сөздің құдіреті қандай болатынын психология ғылымы да нақтылап айтып жүр. Адам жанын емдейтін де, жаралайтын да – сөз. Естіген құлаққа ұмытпастай болып сіңіп қалып қоятын да - осы мақалдар мен мәтелдер. Ұлы ер жеткен, қызы бой жеткен тұста қай ата - ананың да дұрыс жол көрсетіп, жөн сілтегісі келетіні сөзсіз екенін ескерсек, мектеп қабырғасындағы «Менің өмірімде қолданатын мақал - мәтелдер» жобасы дәл осы тұста көмекші құрал бола алады.

Ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин: «Адамзатты тәрбиелеу үшін, ең алдымен өзіңді тәрбиеле»,- деген еді. Мінекей, бұл тұжырым әлі күнге өміршең. Өйткені «балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» емес пе?!. Сондықтан үлкендердің ауызынан шыққан мақал кішілердің құлағына сіңеді. Біздің жобамыздың мақсаты білім алушы жас ұрпақтың санасында ойлы сөз қалдыру болатын. Ол баланың жүрегінің түбіне терең бойлағанда рухани бай екенін, кішіпейіл, ізеттілігін жоймаған жас екенін көруіміз қажет. Міне, аталған мақсаттарды жүзеге асыратын бұл жоба зияткерлік мектептердің оқушыларына ұлттық тәрбиені сіңіруде бүгінде бірден - бір маңызды жобалардың біріне айналып отыр.

Білім, ғылым туралы мақал - мәтелдер Білім, ғылым туралы мақал - мәтелдер
Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Жау, дұшпан туралы мақал - мәтелдер Жау, дұшпан туралы мақал - мәтелдер
Жау, дұшпан туралы мақал - мәтелдер Дұшпан дос арасынан шығады. Алға да бас, кейін де шегін — айламен үз жаудың белін. Алдыңдағы ауды көрмесең де
Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер
Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені Азынаған айғырды үйірде көр, Адамсыған жігітті үйінде көр.
Қанағат туралы мақал - мәтелдер Қанағат туралы мақал - мәтелдер
Қанағат туралы мақал - мәтелдер Ер азығы - қанағат Әр кім қолда барын ұсынады. Ер азығы - қанағат.
Су туралы мақал - мәтелдер Су туралы мақал - мәтелдер
Су туралы мақал - мәтелдер Судың да сұрауы бар Ағынмен су зораяр. Ағын су арнасын табады.
Мақал - мәтелдер Мақал - мәтелдер
Қазақ халқы да өзге халықтар сияқты – адам заманнан қорланып, сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен көл - көсір фольклоры бар
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×