ойын сауық отауы
2020 жылдан бастап кәсіпкерлер үшін не өзгереді?
13.11.2019 1 758 0 Admin

2020 жылдан бастап кәсіпкерлер үшін не өзгереді?

Мен кәсіпкермін
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлермен патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану бойынша талаптардың өзгеруі күшіне енеді.
Арнаулы салық тәртібіне өткен шағын кәсіпкерлер қандай жеңілдікке ие болады?
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық кодексінде жеке кәсіпкерлерге қатысты бірқатар өзгерістер күшіне енеді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Кәсіпкерліктің жеке түрлеріне салық салу басқармасының басшысы Гүлмира Смағұлова айтты.
Қандай өзгерістер күтіп тұр?
Салық кодексіндегі өзгеріске сай, патентті қолдану құқығы бойынша көрсетілетін қызмет түрлерінің (32 қызмет түрі) тізімі жария болды:
1. Сылақ жұмыстары;
2. Ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстары;
3. Еден жабу және қабырға қаптау жұмыстары;
4. Бояу және шынылау жұмыстары;
5. Такси қызметі;
6. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау;
7. Сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;
8. Фотография қызметі;
9. Аударма (ауызша және жазбаша) ісі;
10. Мүлікті жалдауға (жалға) беру;
11. Көлік құралдарын жалдауға (жалға) беру;
12. Ойын - сауық және спорттық керек - жарақтарды прокатқа және жалдауға (жалға) беру;
13. Бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беру;
14. Басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беру және жалдауға (жалға) беру;
15. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын жалдауға (жалға) беру;
16. Есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын жалдауға (жалға) беру;
17. Спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтер;
18. Мәдениет саласындағы білім беру қызметтері;
19. Басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтер;
20. Қосымша білім беру қызметтері;
21. Өнер саласындағы қызметтер;
22. Компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеу;
23. Коммуникациялық жабдықты жөндеу;
24. Жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу;
25. Шаштараз қызметтері;
26. Маникюр және педикюр;
27. Ветеринариялық қызметтер;
28. Жер учаскелерін өңдеу бойынша қызметтер;
29. Тұрғын үй - жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша ызметтер;
30. Базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар қызметтері;
31. Музыкалық аспаптарды жасау және жөндеу;
32. Үй жануарларын бағу қызметі.
Қолданыстағы Салық кодексімен 12 түрлі қызметке патентті қолдануды алып тастау қарастырылған. Олар: Жер қойнауын пайдалану, акцизделетін тауарлар өндiру, консультациялық қызметтер көрсету; сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржыландыруы, сақтандыру қызметі және делдалдық қызметі және тағы басқа.
Осындай шектеудің негізгі мақсаты – бейресми еңбек қатынасын болдырмау және нақты кірістерді жасыруға жол бермеу. Сонымен бірге, өзгерістер көлеңкелі бизнесті ашыққа шығарып, жалдамалы жұмыскерлерді заңдастыруға бағытталған.
Онда жалдамалы қызметкерлерді тартусыз жүзеге асырылуы мүмкін емес қызмет түрлері бойынша табыс табуға патент талап етілмейді. Мысалы, тәулік бойы сауда сату, азық - түлік сату, базарларда сауда жүргізу және тағы басқа.
Мұнда халықаралық тәжірибеге сай ұсақ қолөнершілерге қойылатын салықтық тәртіп негізінде кірісті қадағалауды және жалдамалы жұмысшыларды бақылауды күшейту көзделген.
Мысалы, биыл патент алған 268 кәсіпкердің 55, 7 пайызы (148 953 жеке кәсіпкер) сауда саласында қызмет көрсетті. Олардың 55 пайыздан астамы аталған қызметті Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асырған.
Рұқсат етілген тізімге енбеген қызмет түрлерін көрсететін кәсіпкерлер салық төлеу тәртібін өзгертуі керек. Олар 2 түрлі тәртіптің бірін таңдайды:
• Жеңілдетілген декларация негізіндегі немесе тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық тәртібі;
• Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
Басқа салық төлеу тәртібіне ауысу үшін не істеу керек?
Патенттен басқа салық салу тәртібіне ауысу үшін, патентті қолданатын жеке кәсіпкерлер салық салу тәртібін таңдауды қазірден бастап ойлауы қажет. Сонымен бірге, салық органдарына электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе жазбаша түрде салық салу тәртібін өзгерту туралы хабарлама тапсыруы керек.
"Таңдалған салық салу тәртібін көрсету кезінде өзгертудің себебі ретінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патентті қолдану шарттарына сәйкес келмейтіндігін хабарлауы тиіс" – делінген Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.
2020 жылғы 1 қаңтарға дейін хабарламаған жағдайда салық органдары осындай салық төлеушілерді жалпыға бірдей белгіленген салық төлеу тәртібіне ауыстыратын болады.
Ал шағын бизнес өкілдері үшін осындай жалпы тәртіптен басқа арнаулы салық төлеу тәртібіне ауысуға тек бір жылдан кейін ғана рұқсат етіледі.
Арнаулы салық тәртібіне ауысудың артықшылықтары қандай?
Арнаулы салық тәртібін қолданатын шағын және ұсақ кәсіпкерлік субъектілері 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеунің кепілі" деп аталатын жолдауында айтылғандай, табыс салығынан үш жылға босатылады.
Сонымен қатар, жеңілдетілген салықтық есеп жүргізу және салықтық есептілікті тапсыру, бухгалтерлік есеп жүргізуден босату қарастырылған.

Жалпыға бірдей декларация дегеніміз не? Жалпыға бірдей декларация дегеніміз не?
2020 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларация енгізіледі. Бұл дегеніміз, біз оңайлатылған немесе кеңейтілген түрде табыс туралы бастапқы
Қарызыңыз бар ма жоқ па? Қалай интернет арқылы онлайн білуге болады? Қарызыңыз бар ма жоқ па? Қалай интернет арқылы
Мұнда сіз өзіңіздің салық берешегін біле аласыз, Көлік, жылжымайтын мүлік, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, медициналық сақтандыру
Патент негізінде салық режимі Патент негізінде салық режимі
Патент негізінде Қазақстанда өз бизнесін жүргізу ең қолайлы режим болып табылады. Қызметтің бұл түрі есептілікті жүргізу талап етпейді. Патент
Оңайлатылған салық режимі Оңайлатылған салық режимі
Оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі, немесе қарапайым айтқанда, оңайлатылған, салық есептілігін тапсырудың жеңіл процедурасының
БЖТ (Бірыңғай жиынтық төлем) дегеніміз не? БЖТ (Бірыңғай жиынтық төлем) дегеніміз не?
БЖТ (Бірыңғай жиынтық төлем) төлеушілер үшін қолданыстағы басқа режимдерден қарағанда төлемдер неғұрлым төмен ставкалар бойынша айқындалатын болады.
Жол қозғалысы ережелеріне бірнеше өзгерістер енгізілді Жол қозғалысы ережелеріне бірнеше өзгерістер
Бүгіннен бастап жол қозғалысы ережелеріне бірнеше өзгерістер енгізілді. Сонымен соларды атап өтейік.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×