ойын сауық отауы
Келін мен ене: Ене мен келіннің ара-қатынасы
06.06.2017 5 019 0 Дауыл

Келін мен ене: Ене мен келіннің ара-қатынасы

Жалпы кеңес
Келін мен ене: Ене мен келіннің ара-қатынасы.
Қыздардың барлығы бойжеткен соң сүйгенімен бас қосып тұрмыс құруды армандайды. Алайда тұрмыс құрғаннан кейін не күтіп тұрғанын ойлап жатпайды. Әдетте, алғашқы бір жыл ең қиын уақыт болып есептеледі, күйеуінің кейбір әдеттеріне бейімделу керек, отбасылық қарым - қатынасты нығайту, сонымен қоса күйеуінің анасы яғни ененің көңілін таба білу. Сонымен ене мен келіннің ара - қатынасы әрқашан жақсы бола бермейді, кейде ене мен келіннің арасындағы дау - дамайды шешуде еркек байғұс екі оттың ортасында қалуы жиі кездеседі. Бірі – сүйген жары, бірі - туған анасы.

Әрбір қыз әдемі ханзадаға тұрмысқа шығумен қатар, қатал қайын енеге тап болатынын көбіне ұмытып кетеді. Олар түсінген уақытта бәрі кеш болады. Сонымен енеңізбен жақсы қарым - қатынас жасай білудің жолдарын іздестіреміз.

1. Енеңіз қандай адам сол күйінде қабылдаңыз. Өйткені ол қалыптасып болған үлкен адам, сіз оны өзгертемін деп тырыспаңыз. Енеңізбен сыйласа білмесеңіз күйеуіңізбен қарым - қатынасты бұзып алуыңыз мүмкін, өйткені күйеуіңіз үшін анасының орны ерекше.

2. Күйеуіңіз көзінше анасы туралы теріс пікір білдірмеңіз. Өзіңізді сол орынға қойып көріңіз: сізді мәпелеп өсіруге барын салған анаңыз туралы жаман сөйлеген адамды жақтыра қоюыңыз екіталай.

3. Жасы сізден әлдеқайда үлкен, өмірден түйгені көп енеңіздің өмірлік тәжірибесінен үлгі алуға тырысыңыз. Әлі түсініп білмеген кейбір нәрселерді үйреніп алсаңыз, мүмкін оның тәжірибесі бір іске асып қалар.

4. Енеңізбен құрбыңыздай сырласа біліңіз.

5. Егер өзіңіз қаламасаңыз, ұнау үшін көңілін табамын деп тырыспаңыз. Жағымпазданып отырғаныңызды сезген енеңіз мұны ұнатпай қалуы мүмкін ондай қылық ешкімге ұнай қоймайды. Ең дұрысы енеңізбен шынайы қарым - қатынас жасай біліңіз, сонда барлық сұрақтың шешімі табылады.

6. Одан жиі кеңес алыңыз. Әрбір аға буын өкілдері, өзінің пікіріне құлақ асқанды дұрыс көреді. Мүмкін, сіздің енеңіз өмірлік тәжірибесінен орынды кеңес берер одан құр қалмаңыз.

7. Енеңді өз анаңдай көр демеймін өйткені ол мүмкін емес, ананың орнын ешкім баса алмайды, алайда сүйген жарыңның анасы болғандықтан сыйлау керек. Мұны түсініңіз және қабылдаңыз.

8. Енеңіз үшін ерекше күндерді есіңізде сақтаңыз, сондай күн туған уақытта құттықтауды ұмытпаңыз. Бәрін өз орнымен жасаған жөн, аса жағымпаздық қажет емес.

9. Жақын тартудан қорықпаңыз – әйелдерге ортақ мәселелер бойынша әңгіме - дүкен құру байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

10. Күйеуіңіз бен екеуіңіздің отбасылық өміріңіз туралы енеңізбен жиі әңгіме қозғаңыз, болашақ немерелерінің тәрбиесіне олардың қосатын үлесі туралы да айтыңыз. Енеңізбен жылы қарым - қатынаста болсаңыз мұндай әңгімені өзіңіз де қозғайсыз деп ойлаймын.

11. Сонда да енеңізбен жылы қарым - қатынас орната алмаған болсаңыз, сыйласа біліңіз. Енеңізбен ұрысып, үйдің берекесін кетірерлік ұят әрекетке ешқашан бармаңыз.

Бұл енемен жақындаса білуге берілген бірнеше кеңес. Әрқашан ақылға салыңыз, қызбалық танытпаңыз, сонда енеңізбен ортақ тіл табыса білудің еш қиындығы болмайды. Сенімді болыңыз бұл кеңестер өмірден алынған.

Дайындаған: Жадыра

Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе
Көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды.
Келіндер жайлы мақал-мәтелдер Келіндер жайлы мақал-мәтелдер
Келіндер жайлы мақал-мәтелдер Келін жақсы болса немере тәтті Әр елден келін келер, Әр түрлі ырым етер.
«Өлі - тірісі» берілмеген қыз аурушаң болады. «Өлі - тірісі» берілмеген қыз аурушаң болады.
Екі жас бас қосқанда жасалынатын қазақи дәстүрлердің ішіндегі ең маңыздысының бірі «Өлі - тірі».
Жүкті болған келінді күту дәстүрі Жүкті болған келінді күту дәстүрі
Келіннің жүкті болғанын сезген ене «Атамыздың аруағы біліп, қолдап жүрсін» деп ауылдағы үлкен үйдің оң керегесіне ақ орамал таңады.
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?
Ұялшақтық – адам бойындағы шамадан тыс ыңғайсыздану, тартыншақтау, жасқану секілді қылықтарының арқасында, айналасымен қарым-қатынас іс жүзінде
Жас келін Жас келін
Жаңа түскен жас келін, Кемпірлерге ас келін. Орамал - шаршы бермесе, Абұйырсыз тас келін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×