
Жігіттің 9 жауы
Жалпы кеңес
Жігіттің 9 жауы:
1. Басты жауың – жалқаулық, сорлататын жаныңды.
2. Осалдығың – аңқаулық, соқтыратын саныңды.
3. Жасқаншақ болсаң, ұры алар қоралап қойған малыңды.
4. Жалатқызбас жасықтық, аузыңдағы балыңды.
5. Өтірік айтсаң өңмеңдеп, жоғалтасың арыңды.
6. Өсек терсең телмеңдеп, суға кетірер салыңды.
7. Көпірме босқа мақтан ғып, түкке тұрмас барыңды.
8. Көрінгенге жалпақтап, бола алмайсың жағымды.
9. Біреуді алдап арбаумен, аша алмайсың бағыңды

Адал жарда болмаса ізі күдіктің — Бақыты сол, байлығы сол жігіттің. Жаны сұлу — нұр құяды жаныңа, Мейірім, мінез, шаттық тіле жарыңа.

Мен – өртпін. Күресе алмайсың. Өртеуден жіп есе алмайсың. Мендегі тегеурін - алапат, Сен оған ілесе алмайсың.

Ердің туы – намыс. *** Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. *** Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, Жауды күйрете алмайсың

Торғай, торғай, тоңдың ба? Тұра алмайсың орныңда. Бір қонасың, бір ұшып, Дірілдейсің бүрісіп.

... Құдайға менің не өкпем бар? Берген соң сендей құрдасты, Беріп жібер «төшкіңді» Қасына қосты бір басты

Ер жігіттің айнымас серіктері: өмірлік жарың - жұбайың, мінген атың – пырағың, парасатың - ақылың.