ойын сауық отауы
Суда жүзудің пайдасы
17.05.2017 7 772 0 Дауыл

Суда жүзудің пайдасы

Бұл қызықты
Суда жүзудің пайдасы
Шынығудың ең тиімді құралы – ауа, күннің көзі және су екенін ғалымдар үнемі айтып келеді.
Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына тигізер пайдасы зор. Соның ішінде суда жүзу спортының орны ерекше.
Су – тіршіліктің көзі, салауатты өмірдің кепілі. Ал, шомылу немесе жүзу – шынығудың ең тиімді түрі. Жүзуді әдетке айналдырған ағзаның тамыр жүйесі су температурасының алмасуына ыңғайланып, микробтар мен бактерияларға төзімді болады. Бұл өз кезегінде қан айналымының жақсаруына әсер етеді. Әсіресе, адам ағзасының суыққа деген төзімділігі арттырады.
Суда жүзудің пайдасы жайында Миннесота Университетінің ғалымдары зерттеу жүргізген. Олардың айтуынша, жас кезінде суда жүзіп үйренген адамның миы кеш "қартаяды" екен. Сондай - ақ, олар бойды сергітіп, жағымсыз әсерлерден арылудың бірден - бір жолы – осы екенін баса айтқан. Жүзе білу тек шынығу емес, қандай да бір аурудан сауығу үшін де таптырмас «құрал». Мәселен…
1. Жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық еттеріңіз қимыл - қозғалыста болады. Сондықтан артық дене жаттығуын жасаудың да қажеті болмайды.

2. Дене сұлулығын қалайтындарға жүзу ең керекті спорт түрі. Өйткені, ол омыртқа мен қозғалыс аппараты ауруларының алдын алады. Жүзу барысында бел омыртқаның қасындағы бұлшық еттер босаңсиды.

3. Сонымен қатар, жүзу жүрек ауруларына да қарсы төтеп береді. Егер күнделікті жүзумен шұғылдансаңыз, жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларын ұмытуға болады.

4. Жүзу тыныс алу жолдарын жақсартады.

5. Ағзаңызды шынықтырып, иммунитетіңізді көтереді. Cондықтан, сізге тұмаудан қорқудың қажеті жоқ.

6. Фитнеске қарағанда, жүзу арқылы тез арықтайсыз. Себебі жүзу барысында жүгіруден де көп калория жұмсалады.

7. Жүзу стресс кезінде де көмектеседі. Ол сіздің жүйке жүйеңізді тыныштандырып, ағзаңызға тамаша энергия бөледі.

8. Ең бастысы, жүзу — керемет хобби. Мұндай спорт түрінен ешқашан жалықпайсыз, тек қана ләззат аласыз.

Өтірік өлең: Жануарлар туралы Өтірік өлең: Жануарлар туралы
Жануарлар бақшаға Жеміс жеуге келіпті. Суда өскен жүзімді, Жылқы мен есек теріпті.
Ұзақ өмір сүру үшін керекті үш тағам түрі Ұзақ өмір сүру үшін керекті үш тағам түрі
Варшава университетінің ғалымдары жаңғақтар, көкөністер мен жемістер және шоколад пайдасын дәлелдеді. Олар бұл өнімдердің қасиеттері адамның
Лимонның пайдасы Лимонның пайдасы
Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында, дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған.
Жұмыртқаның пайдасы Жұмыртқаның пайдасы
Жұмыртқа – арзан әрі пайдалы тағам. Оны дайындаудың көптеген түрлері бар. Сонымен қатар олар әртүрлі тағамның басты құрамы болып табылады. Ал біз
Есте сақтау қабілетін нығайту Есте сақтау қабілетін нығайту
Жалпы, «ес» немесе «жад» - дегеніміз – адамның күнбе-күн алған әртүрлі мәліметтерін сақтайтын қоймасы деп атауға болады.
Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×