ойын сауық отауы
Данагүл. Қазақ тарихындағы әйелдер
31.05.2017 5 857 0 Дауыл

Данагүл. Қазақ тарихындағы әйелдер

Бұл қызықты
Данагүл
Данагүл Төле бидің келіні екенін көзі қарақты адамдардың барлығы біледі. Ол шамамен 1720 - 1790 жылдар аралығында өмір сүрген. Әкесінің есімі – Алакөз. Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасының Сиқым деген тармағынан шыққан. Төле би Данагүлдің ақылдылығын байқап, келін етіп түсіреді. Данагүл келін болып түскеннен кейінгі Төле бидің сенімін ақтайтын мына бір аңыз көпшілігімізге мәлім. Бұдан біз Данагүлдің ақыл - парасатын, терең ойлылығы мен шешендігін байқаймыз. Бірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау - дамайын шешіп, ауылына қарай төтесінен жол жүремін деп, жолда бір топ қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би «Әй, сендерге керегі мл ма, жан ба, жан керек десеңдер қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып әкелейін, бізді босатыңдар», - дейді. Қарақшылар: «бізге мал керек», - дейді. Сонда Төле би: «Менде мал көп, бай адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып берейін» дейді. Сонда Төле би хатты былай деп жазады: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босағамдағы күмісімді қоса беріңдер». Қарақшылар би ауылына келіп, осы хатты тапсырады. Ауыл адамдары болса, бидің бұл хатын түсіне алмай дал болады. сонда бұл жұмбақтың шешуін шешкен. Данагүл екен: «Жоқ, би атам 40 қарақшының қолына түскен екен. 40 құнан атан дегені – 40 мықты жігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақсақал, ал атаған алтыны мен күмісі – баласы және келіні – мына мен ғой. Қой тез жетіп, би атамды құтқарайық».
Сөйтіп Данагүлдің ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып, олардың соңынан бағана хатта келіскендей, 40 жігіт, 20 балуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы мен келіні Данагүл көрінбей еріп отырады. Сөйтіп, олар Төле би мен оның қасындағы адамды босатып алады да, қарақшылардың өздерін байлап - матап тастайды. Бірақ жылап - еңіреп кешірім сұраған соң, Төле би кеңшілік жасайды. Өзінің ауылдарына алып келіп, түйесін, жылқысын бақтырып, егін еккізіп, түзу жолға салады. Адал еңбекке баулиды. Міне, осындай жағдайдан кейін Данагүлдің есімі елге кеңінен тарайды.

Төле бидің баласына келінді өзі таңдағаны жайлы Төле бидің баласына келінді өзі таңдағаны жайлы
Ердің бақыты – әйел деген. Ел сыйлайтын ерді ақылдылықпен адам етіп тәрбиелейтін әйел, кең жайылған дастарханымен ердің атын шығаратын да әйел.
Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер Есенбике. Қазақ тарихындағы әйелдер
Есенбике - XVIII ғасырда өмір сүрген Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Есенбике кішкентайынан Айдабол бидің бәйбішесінен туған кенже
Төле би Әлібекұлы Төле би Әлібекұлы
Аллаға жағайын десең Азанды бол, балам! Халыққа жағайын десең, Қазанды бол, балам!
Төлебиге Қарасай батырдың берген батасы Төлебиге Қарасай батырдың берген батасы
Қарағым Төле, айтқаның әділ болсын, Тілегің қабыл болсын. Дұшпаныңның қарғысы жетпесін, Атқан оғы өтпесін. Басыңнан бақыт кетпесін.
Төле бидің Қазыбек биге берген батасы Төле бидің Қазыбек биге берген батасы
Атасызға ата бол! Батасызға бата бол! Арып - ашқан ғаріптің, Жел жағына жота бол!
Жұпар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Жұпар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Жұпар ана – Бәйдібек бидің келіні, Қоңырат Қызыл бидің қызы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×