ойын сауық отауы
Ұрыс-керіс кезінде өзіңді ұстай біл!
27.07.2017 2 241 0 Дауыл

Ұрыс-керіс кезінде өзіңді ұстай біл!

Бұл қызықты
Ұрыс-керіс кезінде өзіңді ұстай біл!
Ерлі-зайыптылар арасында кикілжіңдер туындап тұратыны заңды құбылыс. Кейде сөзге келіп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда 5 маңызды ережені естен шығармаңыз.

Ата-ана жайлы сөз қозғамау.
Ұрыс-керіске ата-анаңызды қатыстырмаңыз. Сондай-ақ, ата-анаңыздың ұрысқа қатысуына жол бермеңіз. Себебі, екеуара қатынасыңыз қалыпқа келсе де, ата-ана жарыңыздың қылықтарын, сөздерін ұмытпайды.

Күш қолданудан аулақ болыңыз.
Кейде ұрыс барысында бірі сөзден шаршап, жұдырықтасуға ауысып кететін жағдайлар естіп жатамыз. Қанша жерден ашулы, ренжулі болсаңыз да, қол жұмсауға бармаңыз. Жарыңыздың да мұндай әрекетке баруына жол бермеңіз. Сүйікті адамның күш қолдануы кез келген адамның жылы сезімін, махаббатын «өшіреді». Бұның әдетке айналып кету қаупі бар.

Ешқашан ажырасу туралы айтпаңыз.
Көптеген адамдар қызуқандылықпен көңіл қалатындай сөздер айтуға барады. Алайда ешуақытта «сенімен ажырасамын» деп айтпаңыз. Жарыңыз үшін бұл сөздер қатты тиеді. Айта берсеңіз, расында да бір күні қызбалыққа салынып, ажырасып кетуіңіз мүмкін. Сосын өмір бойы бұл әрекетіңізге өкініп жүресіз.

Ұрыс кезінде үйден кетпеңіз.
Ұрысып жатқан кезде үйден шығып кету – қате әрекет. Жарыңыздың кинодағыдай артыңыздан жүгіріп шығып, кешірім сұрауы екіталай. Сүйіктіңіз сабасына түскенде жанжалдың оң шешімін табуға тырысыңыз. Үйден кетіп қалып, кейіннен өкініп қалудан аулақ болыңыз.

Бөлек жатпаңыз.
Ұрыстан кейін басқа бөлмеге ат басын бұрып кететін келіншектер баршылық. Бұл дұрыс емес. Апта бойы үнсіз жүре беру де қателік. Әдеттегі қалыпты сақтау – шиеленіскен мәселені «басып», жүйкені тыныштандырады. Ер адам сабырымен, әйел адам даналығымен ұрысты болдырмауға тырысуы керек екенін ұмытпағайсыз. Бақытты болыңыздар!

Дереккөзі: Массагет.

Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай? Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай?
Бірінші құпия – келешекке құрған жоспар.
Отбасында ақшаның маңызы Отбасында ақшаның маңызы
Жақында ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі көбіне неден туындайтыны анықталған. Үшінші орында, үйдегі
Жар таңдауда қателеспе! Жар таңдауда қателеспе!
Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді.
Ұл тәрбиелегің келсе, әкесін патшадай сыйла Ұл тәрбиелегің келсе, әкесін патшадай сыйла
Шынайы махаббаттың басты белгісі – құлай сүйген адамыңа ешқашанда жаманшылық ойламау. Оның жануынан сөнуі тез, жай сезімдерден айырмашылығы да сонда.
Жас жұбайларға арналған кеңес Жас жұбайларға арналған кеңес
Неке дегеніміз екі адамның қуаныш пен қайғыны бөлісуі, сондай-ақ көптеген күнделікті мәселелерді шешуге тиіс болып табылатын бірлесе өмір сүруі.
Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі
Кейде сіздің намысыңызға тиетіндей жағдай туған сәтте үндемей қалу мүмкін емес. Тіпті, сіздің ойыңызды тыңдағысы да келмейтіндей сыңай танытқанда
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×