ойын сауық отауы
Арыстан
20.07.2016 15 491 2 Дауыл

Арыстан

Бұл қызықты
Арыстан жұлдызына мінездеме.
Арыстан жұлдызында туылған жандар әрдайым көпшіліктің назарында болуды қалайды. Той - томалақ, думанды кештерде екі көзі күлімдеген, жайбарақат, ақырын жүрісті жанды кездестірсеңіз бұл – арыстан жұлдызына тән болмыс деп есептеуге болады.
Асқан сымбаттылығын үйде көрсетуге өзінен басқа ешкім болмаған соң, думанды кештерде көбірек болуды қалайтын болар.

Бұл жұлдызда туғандарға қарап тұрып, олардың бойынан кәдімгі Арыстанға тән болмысты көріп таңданасыз: олар тәкәппар, айбынды, әрдайым бабында, өзін ұстау мәнері мінсіз. Ол табиғатынан басқаларға жоғарыдан қарайды, өзін биік ұстайды.

Арыстан өзін басқалардан күшті санай ма, санамай ма ол жағы бізге белгісіз, дегенмен де, олар өзін тәжірибелі, жетік сезінетіні күмәнсіз шындық.
Олар өзіне өте сенімді, оның түсінігі бойынша қандай жағдай болмасын, қалай жасау керегін біледі, оны ақыл үйрете сөйлеу екпінінен, қамқор күлкісінен байқауға болады.

Жеке өмірде немесе жұмыста, оның үнемі жаны ашып ақыл үйрете сөйлеуі кей кездері айналасындағылардың ашуын келтіруі мүмкін. Біреудің мәселесін шешуге өзінің араласуын ол дұрыс санайды, шындығында ақкөңіл Арыстан көмек бергісі келеді.
Кеңес берумен қоса Арыстан қаржылық қолдау соның ішінде материалдық тұрғыда қамтамасыз етуге де қарсы емес, көпшілікке дәл осы қасиетімен ерекше ұнайды.

Адамдар, адамдармен байланыс – шыдамсыз Арыстанның өмірінің негізге бөлігі және табиғи күш көзі. Өзін сүйетіні соншалық ол өзі туралы өзгелердің пікіріне өте немқұрайлы қарайды.
Оның атына айтылған сын орынды болса да, оның ренішін туғызып, шектен шығарып жібереді, жай ғана жеңіл қошемет, жасанды мадақ қанаттандырып жіберуі мүмкін.
Бұдан өзгесі Арыстанға қатысты емес, олар – өте ақылды және әділ.

Қызметте олар тамаша ұйымдастырушылық қабілетке ие екенін және жетекшілік ете алатынын көрсетеді. Арыстан қандай істі қолға алмасын, ол бар күшін аямай салады. Олар үшін махаббатта, достықта кез келген жағдайда барлығы жоғары деңгейде болуы керек, «орташамен» келіспейді.
Жұмыс істеу керек болса – шабытпен, көңіл көтеру керек болса – шын жүректен, қонақ күту керек болса – сән - салтанатпен. Оның жауынан гөрі достары өте көп болуы сондықтан болса керек.

Арыстанның ғаламшары – күлімдеген Күн, бүкіл әлемді сәулесімен жылытушы. Оның табиғат күші – От, бітпейтін оптимизм сыйлаушы.
Күшті, айбынды, асыл, қиындыққа бас имейтін, Арыстан әрқашан қиын жағдайда көмек қолын созуға дайын.
Жомарт Табиғат оған мейірін аямай төккен, ал Арыстан қасындағы жандарға өте мейірбан.

Басқа белгілерді қарау

Тауешкі Тауешкі
Сіз бір кездері сыртынан қарағанда қарапайым және жұмсақ көрінетін жанды кездестірдіңіз, алайда нақты іске келгенде күтпеген жерден еркіңе
Сарышаян Сарышаян
Сарышаян – жауынгер, олар тіпті шайқасқа ойланбастан, басқаларға ескертусіз кіріп кетеді. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, бұл жұлдызда
Шаян Шаян
Шаян – жұлдыздардың ішінде ең сақ жұлдыз деуге болады. Олардың өз мақсатына қалай жетуін бақылай отырып, басқаларынан айыру оңай.
Торпақ Торпақ
Торпақ жұлдызына мінездеме. Торпақ күшті де табанды болғанымен, көпшіліктің арасынан қарапайым байқаусыз тұрған жанның осы жұлдызға тән екеніне таң
Тоқты Тоқты
Тоқты жұлдызына мінездеме. Тоқты – табиғатынан көшбасшы және онымен келіспеу мүмкін емес. Тоқты жұлдызында туған жанды бір көргенде – өзіне сенімді,
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған Жұлдызнама - ер адамдарға арналған
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған (қан тобы бойынша) O (I) қан тобындағы жандар өз - өзіне сенімді жандар. Олардың алға қойған мақсаты бар,
Пікірлер (2)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Балым
#1 Балым Қонақ 23 қыркүйек 2017 10:33
Оте дурыс айтылган,Дурыс сайкес келеди.
Дауыл
#2 Дауыл Бас редактор 30 наурыз 2019 15:47
30. 03. 2019ж
Арыстан, маңызды әңгімеден қашпаңыз! Көптен бері шешілмей келген істі тоқтату, дауды аяқтау, нақтылау, мәселені шешуге қолайлы күн. no
×