ойын сауық отауы
Адамға қатысты ырым - тыйымдар
09.09.2018 36 478 0 Дауыл

Адамға қатысты ырым - тыйымдар

Бұл қызықты
Адамға қатысты ырым - тыйымдар
Адам. Халықтың тарихи дамуының барысында қарым - қатынас пен қоғамдық қатынасқа түсе отырып, ырым - тыйым сөздері арқылы рухани мәдениет пен этиканы қалыптастырды. Адамдарға қатысты ырым - тыйым сөздер:

Кісіге қарап есінеме
Есеп бер әр ісіңе, білу керек түсіне.
Есінеме, қарағым, аузыңды ашып кісіге.
Ондай - ондай баланы, ақыл - есі шамалы-


• Ұртын не тілін тістеп алған адамның үйіне ашыққан кісі келеді.
• Адамның оң көзі тартса – қуанады, сол көзі тартса – ренжиді.
• Адамның алақаны қышыса – ақша ұстайды, табаны қышыса – жол жүреді.
• Адамның иегі қышыса, бір жерден дәм татады.
• Адам түшкірсе «Құдайға шүкір!» дейді.
• Мойын құянның салдарынан қарысып қалғанда, кербез кісінің сыртынан сәлем жасаса, жазылады.
• Қолынан іс келмейтін адам бір шаруа жасаса, жерден шөп алып сындырады.
• Тамақ ішіп отырған адамның ыдысына шыбын, көбелек т. б. жәндік түсіп кетсе, оның несібесі көп болады.
• Адам құлағы шуылдағанда жанындағы кісі дәл тапса, оны біреудің мақтағаны, ал таба алмаса, жамандағаны болып шығады.
• Мақтап жүретін адам тамақ үстіне келеді, ал жамандап жүретін адам дастарқан жиналғанда келеді деп санайды.
• Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады.
• Ойынға ашуланған адамның басы таз болады.
• Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, көз тиеді деп түкіртеді.
• Жиенін ұрған адамның қолы қалтырайды деп саналады.
• Қазақ басымыз көбеймей қалады деп адам санамайды.
• Қазақ жек көрген немесе енді көрмесем деген адамның артынан бір уыс топырақ шашады.
• Жас адамдар «басым ауырды» десе, «басына бас қосылады екен» дейді.
• Біреу қайтыс болды деп естіп, кейін бұл хабар жалған болып шықса, ол адам «көп жасайды екен» деп ырымдайды.
• Жас адам ожаумен су ішсе жарының мұрны үлкен болады.
• Қазақ «сәтті күн» деп істі сәрсенбі күні бастайды. Сейсенбі «сәтсіз күн» деп, іс бастамайды.
• Түнде үрейлі түс көрсе, қазақ таңертең жерге үш рет түкіріп, «Түс – түлкінің боғы» деп, үш қайтара айтып түкірікті оң аяғының табанымен үш рет басып таптайды. Мұнысы – тоймас қара жер жаман түсімді жалмап қойсын дегені.
• Қазақ мүшел жасын жасырады, оны басқаларға айтпайды. Себебі, мүшел жас – қатерлі жас. Тіл мен көз сұғынан сақтасын деген оймен жасын айтуға тура келсе, не асырып, не кемітіп айтады.
• Қазақ шашты далаға тастамайды, оны жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса, адамның басы айналғыш болады.
• Қазақта қыл арқанды ұрламайды. Ұрлаған адам аспаққа асылады, оның мойнына қыл арқан түседі деп сенеді.

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шөп сындыру Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шөп сындыру
Шөп сындыру /ырым/. Бұл әдетте жақсылық жағдайға, іске байланысты жасалатын ырым
Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады
Денсаулық жайлы ырым - тыйымдар Денсаулық жайлы ырым - тыйымдар
Дені сау адамның тіршілікте алдына қойған мақсатына жетуіне, жемісті еңбек етуіне, қоғамға пайдасын тигізуіне мол мүмкіншілігі бар. Әсіресе, қазіргі
Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді. Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді. - Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді. Алға басқан аяғың,
Ыдыс - аяққа қатысты ырым - тыйымдар Ыдыс - аяққа қатысты ырым - тыйымдар
Ыдыс - аяққа қатысты ырым - тыйымдар Ыдыс - аяқ. Қазақ халқында ыдыс - аяқ, қап жабдықтарға қатысты салт - дәстүр, әдет - ғұрап, сенім - наным,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×