Адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар
Бұл қызықты
Адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар
Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады;
Жақты таянбайды. Қайғы - қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.
Жер таянып отырмайды. Жақынынан айырылған адам ғана жер таянады.
Бетті басуға болмайды. Қайғы - қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.
Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл – қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым.
Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады.
Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.
Тізені құшақтамайды. Бұл – «Ұрпақсыз қалдым», «Қу тіземнен басқа құшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.
Жуған қолды сілкілеуге болмайды. Ырыс - несібе кетеді.
Адамға қарап қолды шошайтуға болмайды. Әдепсіздік болып саналады.
Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды. Бұл да әдепсіздіктің белгісі.
Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы - қасірет түскен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.
Аяқ - қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бұл қол - аяғы байланған тұтқынды еске салады.
Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.
Таңдай қағуға болмайды. Үй ішінде таңдай қаға беру – жаманшылық (өлім - жітім) шақыру белгісі.
Біреуге қарап ерін шығаруға, үлкен адам алдында аяқты созып отыруға, адамға қарай түшкіруге, түкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды. Бұл қылықтардың барлығы әдепсіздік болып саналады.
Құран оқығанда күлуге болмайды.
Құранды жерге тастауға болмайды. Өйткені ол киелі нәрсе.
Кісіге қарап бейберекет күлуге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана бейберекет күле береді.
Адамға қарап керілмейді. Әдепсіздік болып саналады.
Жатқан кісінің үстінен аттамайды.
Кемтар адамға күлуге болмайды. Кемтар адамға күлсең, өз басыңа келеді.
Екі езуді керуге болмайды. Себебі бұл әдепсіздік болып саналады.
Ішекті тартуға болмайды. Жаманшылық шақыру белгісі болып саналады.
Құдайға тіл тигізуге болмайды.
Тырнақты тістеуге болмайды. Ырыс - несібе кетеді. Тырнақ пен бастың шашын бейсенбі мен жұмадан басқа күндері алады.
Сейсенбі күні үлкен іске кіріспейді, түнгі қонаққа мал сойылмайды, жаңа мекенге көшпейді, тіпті малды да санамайды. Қазақ халқында сәрсенбі сәтті күн болып есептеледі. Сондықтан барлық істі сәрсенбі күні бастайды.
Түнде айнаға қарамайды. Адам түнде айнаға қарағанда қатты шошынуы мүмкін.
Итті, мысықты тебуге болмайды. Өйткені әрбір жан - жануардың киесі болады.
Ер адам төрге қарап жүрелеп отырмайды. Өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел адам жүрелеп отырса, онда қырық адамның жолын оңғарады.
Ауылға атпен шауып келуге, үйге жүгіріп кіруге болмайды. Бұл қауіп - қатер не адам шығынының хабары деген жаман ырымға саналады. Бірақ «Сүйінші, сүйінші» деп айқайлап келу керек.
Қайғылы, қазалы хабарды естірткенде немесе жаназаға шақырғанда атпен шауып келіп, шеткі үйге ғана хабарлайды. Ол үйдің иесі басқаларға хабарлауға тиіс.
Кісі ақысын жеуге болмайды. Кісі ақысын жеген адам о дүниеде тозаққа барады.
Жақын адамға мысық беруге болмайды. Аралары суысып кетеді.
Құлаған үйдің, мал қораның ішінде адам дәретке отырмайды. Оның киесі ұрады.
Жақын адамға пышақ, мылтық сыйламайды.
Күн батар алдында ұйықтауға болмайды. Батар күнмен жарысып ұйықтаған жаман ырымға саналадаы.
Түн ішінде тырнақ алмайды. Бұлай еткенде қол кесіліп кетуі, тамаққа тырнақ ұшып түсуі мүмкін.
Тырнақ пен шашты баспайды, отқа тастамайды. Оларды адам баспайтын жерге көмеді.
Кірдің суын басуға болмайды. Барлық жаманшылық кірдің суымен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.
Басты маңдайдан бастап жуады. Өйткені жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады.
Таяққа сүйенуге болмайды. Себебі жақыны қайтыс болған ер адамдар ғана таяққа сүйенген.
Бейіт үстінен шауып өтуге, бейітке қарап қолды шошайтуға, оған қарап түзге отыруға болмайды. Өйткені бейіт – киелі жер.
Өтірік жылауға болмайды. Бұл – қайғы - қасірет шақыратын жаман ырым.
Дәретханаға кіргенде сөйлеуге, күлуге болмайды. Дәретханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек. Бойымдағы ауыртпалық дәретханада қалсын деп, сол аяқпен кіріп, жақсылықтың бәрі алдымнан жолықсын деп, оң аяқпен шығу жақсы ырым саналады.
Түнде су алуға бармайды. Ал бара қалған жағдайда «Су иесі Сүлеймен, су алуға рұқсат бер» деп, суға үш рет кесек лақтырып барып алған жөн.
Адамға мылтық оқтануға болмайды.
Шелектегі суға ауызды батыруға болмайды.

Ырым тыйымдар адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар тыйым сөздер қазақтың ырым тыйымдары адамға қатысты ырым тыйымдар адамның іс әрекеті туралы ырым тыйымдар
Ыдыстарға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын - шайтан жалап кетеді деп санайды. Су құйылған немесе тағам
Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады
Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді. Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді. - Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді. Алға басқан аяғың,
Ыдыс - аяққа қатысты ырым - тыйымдар
Ыдыс - аяққа қатысты ырым - тыйымдар Ыдыс - аяқ. Қазақ халқында ыдыс - аяқ, қап жабдықтарға қатысты салт - дәстүр, әдет - ғұрап, сенім - наным,
Ас - тағамға қатысты ырым - тыйымдар
Ас – адамның арқауы, Жаман ауруға – жақсы ас, Ас қадірін білмеген аштан өледі. Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған ырым сөздері көп.