ойын сауық отауы
Азамат ерді бақытқа жетелейтін үш нәрсе
26.06.2019 2 069 1 Дауыл

Азамат ерді бақытқа жетелейтін үш нәрсе

Бұл қызықты
Азамат ерді бақытқа жетелейтін үш нәрсе

Өмірде біз біліп жүруге тиіс жайттар бар. Солардың бірқатарын тізіп көрейік. Өзіңіздің қойын дәптеріңізге түртіп алсаңыз артық етпейді. Ендеше, мыналар есіңізде болсын!

Азамат ерді бақытқа жетелейтін үш нәрсе:
1. Бір қарағанда өзіңе ұнайтын, өзің жоқта абыройыңа, малыңа сенімді әйел.
2. Жуас, мықты, сені досыңа жеткізетін көлік.
3. Кең әрі қажетті нәрселерге толы үй.

Азамат ерді бақытсыздыққа жетелейтін үш нәрсе:
1. Өзіңе ұнамаған сенімсіз, надан әйел.
2. Жүрмейтін жолда қалдыратын көлік.
3. Күнде - күнде ұрсысатын жаман көрші.

Жан - дүниені жақсартатын 7 жайт:
1. Әкімдердің шапағаты.
2. Ғұламалардың шариғаты.
3. Байлардың салауаты.
4. Кедейлердің қанағаты.
5. Үлкендердің ұлағаты.
6. Жастардың инабаты.
7. Азаматтың ар - ұяты.

Жүйкені тоздыратын және желіктіретін 7 нәрсе:
1. Еңбексіз жеген нан.
2. Некесіз болған жан.
3. Боямалы тән.
4. Нашадан бұзылған қан.
5. Темекенің түтіні.
6. Арақтың жұтымы.
7. Ақшалы ойынның ұтымы.

Тек кетпейтін үш дұға:
1. Ата - ананың алғыс немесе қарғыс дұғасы.
2. Мүсәпірдің налыған дұғасы.
3. Аш адамның ашынған дұғасы.

Мынадай 10 түрлі қасиетке ие бол:
1. Өзіңнен ұлық күштілермен ұрыспа
2. Ожар мінезділермен алыспа.
3. Қызғаншақпен мәжілістес болма.
4. Наданмен пікір таластырма.
5. Екі жүзді адаммен дос болма.
6. Жалғаншы жанмен мәміле қылма.
7. Бақылмен сұхбаттас болма.
8. Мінезі жаманмен отырып шарап ішпе.
9. Әйелдермен бір жерде көп отырма.
10. Сырыңды ешкімге айтпа.

Дереккөзі: Massaget. kz

Бір ғалым айтыпты Бір ғалым айтыпты
Бес нәрсе, бес нәрсемен білінеді: - Ағаш - жемісімен білінеді. - Әйел - күйеуі кедейленгенде білінеді. - Дос - ауыр күнде білінеді. - Момын - сынаққа
Жас қазақ марсельезасы - Сәкен Сейфуллин Жас қазақ марсельезасы - Сәкен Сейфуллин
Азамат, жүнжіме, жүрме бос, Қол ұстас, бірігіп тізе қос. Ту ұстап дұшпанға барайық, Теңдіктің ұранын салайық.
Айдан ару нәрсе жоқ. Базар жырау Айдан ару нәрсе жоқ. Базар жырау
Айдан ару нәрсе жоқ, Түнде бар да, күндіз жоқ. Күннен ару нәрсе жоқ, Күндіз бар да, түнде жоқ.
Жалғыздық Жалғыздық
Бұл дүниенің жүзінде Айдан көркем нәрсе жоқ - Түнде бар да күндіз жоқ. Күннен көркем нәрсе жоқ - Күндіз бар да түнде жоқ.
ТЖ - лар ТЖ - лар
Жағымпаздық бұл заманда басты өнер, Шындық оған бола алмай жүр тас кемер. Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес, Арын сатқан жағымпазды ескерер.
Піл мен қанден Піл мен қанден
Көшеде піл жетелеп біреу жүрді, Кім көріпті хайуанды мұндай түрлі. Көрсеткелі ап жүрген жануарды Тамашалап, артынан жұрт боп ерді.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Аспан
#1 Аспан Қонақ 26 маусым 2019 16:16
Шын мәнінде құбыжықтар мен әруақтар өмір сүреді. Олар біздің ішімізде. Тіпті кей кезде бізді жеңіп кетеді. recourse
Стивен Кинг
×