ойын сауық отауы
Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра.
14.09.2019 4 728 0 Дауыл

Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра.

Бұл қызықты
Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра.

Үлкен өзеннің бойында бір балықшы өмір сүріпті. Жас күнінде күнкөрісі тәп - тәуір болады. Кейіннен заман өзгеріп, жақсы күндер көрген түстей зу етіп өте шығады.
Бұрынғыдай өзенде де қыруар балық жоқ. Балық аулайтын ауы ескіріп, қайығы тесіліп, жаңасын алуға қауқар жоқ, қысылтаяң шаққа кеп тірелген кезі екен. Ол әр күнін таң атар - атпастан қайығын жөндеуден бастайды.
Бір күні балықшының үйіне құдайы қонақ боп бір қария келіп қонады деп жазады "Ауырмаңыз!" газеті. Балықшы барын беріп, төрге оздырып, қарияны шамасына қарай күтіп, бар ілтипатын көрсетеді.
Таңертеңгісін кетуге жиналған қария үй иесіне алғысын қалай білдіргенім жөн деп сұрайды. Балықшы ел аралап жүрген қарттың үсті - басына, жүдеу түріне қарап, оның да күнін әрең көріп жүрген біреу екенін бағамдайды. «Байқауымша, бармаған жерің, баспаған тауың жоқ секілді. «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» демеуші ме еді, ақсақал, алғысы ретінде жақсы ақыл айтсаң болар еді. Мына кедейліктен қайтсем құтыламын?» – депті балықшы. «Кедейліктен құтылғың келсе, қайығыңды суға батырып жібер», – дейді сонда қария. Сосын қоштасып кетіп қалады.
Бірақ балықшы оның ақылын түсінбестен қалады. Иығын қиқаң еткізіп: «Мүмкін бұл шал алжып қалған болар. Қайықты суға батырсам, аштан өлмеймін бе?» – дейді де, естігенін ұмытып кетеді. Ақсақалдың ақылын алмай, бұрынғы тірлігіне қайта кіріседі. Күннен күнге хәлі мүшкіл тартады. Кей кейде отбасы нәпақасыз қалып, аштан аш жатқан кездері болады.
Бір күні қатты дауыл тұрып, балықшының сынық қайығы суға батып кетеді. Балықшы әзер дегенде аман қалады. Жылап - жылап, қайғысы таусылған шақта бар дүниесін түйіп арқасына салып, өзеннің ағысымен төмен қарай жүріп кетеді.
Ол сөйтіп ілдәлдалап келе жатқанда бір балықшы ауылға тап болады. Ауылда қайықтан көп нәрсе жоқ. Үлкені, кішісі, кемесі де толып жатыр. Мынаны көріп балықшы жүрегі жарыла қуанады. Бірақ өзінде қайық жоқ. Алатын ақшасы да жоқ. Бөтен қайықтарға қарап балықшының көңіл - күйі бұзылады. Қайықтардың барлығын қарап шыққан ол анаусының жөнделгенін, мынасының қай жерін жөндеу керектігін байқап қалады. Содан ол қайық жөндеуші болып жұмыс істейді.
Өзінің жалғыз қайығын өмір бойы жамап өткен бейбақ қайықты қалай жөндеу керектігін өте жақсы білетін еді. Біраз уақыттан соң мықты қайық жөндеушіге айналады. Атағы шығады. Шебердің қолынан шыққан қайықтардың есебі болмапты. Ауыл адамдары мақтап, еңбегі жанады. Оның жөндеген қайықтары су жаңа қайықтай жаңарады екен. Алыс - жақыннан тапсырыс беретіндердің қарасы көбейеді.
Біраз уақыттан соң балықшы үй сатып алады. Онысы кішкентай емес, кәдімгідей үлкен үй екен. Үй алдында берекелі бау - бақшасы бар. Маңдай терін төгіп жасаған еңбегі ақталып, қалтасы қалыңдайды. Отбасы аштан қалған күндерін ұмытады. Сол кезде балықшы ақсақалдың ескі қайығыңды суға ағыз деген ақылын еске түсіреді.
«О, неткен дана сөздер десеңші! Адам баласы ылғи солай, – депті. – Өзгерістен ажалынан бетер қорқатын пенделер ескі өміріне таскенеше жабысып қала береді, оларға ескі уайым - қайғысы әдет болып қалған ғой».
Өзгеріс неден басталса да түбі жақсылыққа жеткізеді. Әсіресе адам сол өзгерістегі ізгілікті көріп, жүрекпен қабылдауға даяр болса игі!

Өткен қателіктерден сабақ алу Өткен қателіктерден сабақ алу
Ғапылдыққа салынып, пайдасыз істермен айналысып, асыл уақытымызды босқа шығындап қойып, сан соғып, бармақ тістеген кездер қайсымыздың болса да
Кедей мен данышпан Кедей мен данышпан
Бір күні жоқшылықтан жадап - жүдеген бір кедей көпті көрген дана қартты жолықтырып: Айтыңызшы, мен неге осындай кедей болып туылдым екен? – деп
Мотивация: Кездескің келе ме? Кездесуге шақыр! Мотивация: Кездескің келе ме? Кездесуге шақыр!
• Бірдеңе керек пе? Сұра. • Кездескің келе ме? Кездесуге шақыр. • Түсінікті болғың келсе, түсіндір.
Мың жасаған ағаш Мың жасаған ағаш
- Мың жасапты мына ағаш, Көпті көрген о да қарт. Қыз бен жігіт аралас Қарай қалдық тұра қап.
Әйелдің тілін алу керек пе? Әйелдің тілін алу керек пе?
Парсылық патша Хусрау Паруаз (570 - 628) балық жеуді сүйеді екен. Бір күні әйелі Шырынмен мәжілісте отырады. Сол сәтте қолында сирек кездесетін үлкен
Бақыт Бақыт
Бір күні балықшылар көл жағасында бір әпенді ер адамды кездестіріпті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×