ойын сауық отауы
Күн мен ай және жер жайындағы аздаған мәліметтер
01.01.2022 2 525 0 Admin

Күн мен ай және жер жайындағы аздаған мәліметтер

Бұл қызықты
Рухани - танымдық сүрлеулер
Күн мен ай және жер жайындағы аздаған мәліметтер
Күннен бастап санағанда, Күн жүйесінің үшінші планетасы. Жердің жасы шамамен 4, 5 миллард жыл. Ол дөңгелекке жуық эллипстік орбита бойымен орташа 365, 24 тәулік ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Жердің өз осімен айналуы себебінен күн мен түн алмасып отырады.
Жер шарының 70,8 пайызы мұхиттар мен теңіздер.
Ғалымдар жер төрт қабаттан тұрады дейді. Олар:
Бірінші қабат – құрылықтық тип, қалыңдығы – 33 км.
Екінші қабат – мантия, қалыңдығы – 33 шақырымнан 2900 шақырым аралығы.
Үшінші қабат – жер өзегінің (ядросының) сыртқы қабығы, қалыңдығы – 2900 шақырымнан 5100 - ге дейін.
Төртінші қабат – Жер өзегі. Оның қалыңдығы 5100 шақырымнан 6350 шақырым тереңдікте орналасқан.
Күн – үздіксіз энергия бөліп тұратын қуат көзі. Ол сутегіден тұратын құс жолының алыстау пұшпағында жатқан планета. Күннің орбитасын планеталар мен астероид аталатын аспан денелері айналып жүреді. Күннің диаметрі шамамен 1, 4 млн шақырым. Күн Жерден 100 есе, Юпитерден 10 есе үлкен. Жер мен Күннің ара қашықтығы 150 миллион шақырым шамасында. Күн ядросындағы температура 15 миллон градусқа дейін көтеріліп, осы ядрода атомдардың қосылу процесі арқылы Күн энергиясы бөлініп шығады.
Күннің шапағы Жерге 8 минутта жетіп, нұрын өгеді екен.
Күннің ішіне Жер тәрізді 109 планета сыйып кете алады. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон планеталары күнді айналады. Олар жылу мен жарықты Күннен алатын болғандықтан, Күнсіз өмір сүре алмайды. Бұл планеталардың Күнді айналу ұзақтығы әрқалай. Мысалы, Жер Күнді шамамен 365, 24 тәулікте бір рет, Меркурий – 87, 97 рет, Шолпан – 224, 7 рет, Марс – 686, 98 рет айналса, Юпитер – 4322, 6 рет, Сатурн – 10759, 2 рет, Уран – 306882, 2 рет, Нептун – 60182, 3 рет, ал Плутон болса 90777, 6 рет айналып шығады.
Ай Жерге ең жақын орналасқан, өзінен жарық шығармайтын аспан денесі – Жердің табиғи серігі. Айдың диаметрі Жерден 4 есе аз, 80 есе жеңіл, 356 - 406 мың шақырым қашық. Айдың бүкіл бетінің 59 пайызын ғана көреміз. Түнгі мезгілде Ай температурасы – 1690 градусқа жетеді де, Күн тас төбеге шыққанда, Ай беті 1220 градусқа дейін қызатын көрінеді.
Ай Жерді бір рет 27, 32 тәулікте айналып шығады.
Бір кереметі, әр планетада салмақ өзгеріп, жердегі салмағы 70 кг болатын адам Меркурийде – 19 кг, Шолпанда – 63 кг, Марста – 20, 5 кг, Юпитерде – 2020, Сатурнда – 92, Айда – 11, 4 г болады екен.
Жердің жалғыз ғана серігі бар. Ол – Ай. Плутонның да серігі біреу. Ол – Хорон. Меркурий мен Шолпанда табиғи серік жоқ. Марста екеу. Олар – Фобес пен Деймос. Юпитерде – он алты серік болса, Сатурнда – он сегіз, Уранда – он бес, Нептунның сегіз серігі бар. Оның бір серігі Нерейда Нептунды 360, 13 тәулік ішінде айналып шығады екен.
Бұл планеталардың арасындағы ең үлкені – Уранның серігі – Титаннның диаметрі – 51 км. Ай – бесінші орында. Ең кішкентайы – Марстың серігі – Деймостың диаметрі – 12 км.
Ай, Меркурий және ең кішкентай планета – Плутонда ауа жоқ. Оларды қараңғы түнек болғандықтан жұлдыздар жарқырап тұрады.
Ең ыстық Шолпаннан аспан сары түсті, көкжиек сұр көрінеді.
Марс аспаны құбылмалы. Бірде көгілді, бірде қоңыр - сұр болып тұрады. Күндіз көбіне алқылыз болады.
Уран аспаны жасыл түстес болса, ең үлкен планета – Юпитер аспаны күн сайын бұлтты тұнжырап тұрады.
Күннің толық тұтылу уақыты – 7, 5 минут, ал Айдікі – 104 минуттай. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Айлардың да құпия сырын білейік Айлардың да құпия сырын білейік
Дүйсенбіден басталатын жеті тәулік аптаны құраса, апталардан ай туады. Ай – қасиеті аспан денесі. Айлардың өзі әр түрлі болады. Аспан ашық болса да,
Дүниедегі ең ұзын тау жоталары Дүниедегі ең ұзын тау жоталары
Дүние жүзіндегі құзды шыңдардан тұратын тау жыныстарының ұзыннан ұзақ созылып жатқан сілемдерін Анда деп атайды. Мұндай тау жынысты сілемдер Оңтүстік
Терең әрі үлкен мұхит Терең әрі үлкен мұхит
Дүние жүзіндегі өзімізге таныс мұхиттардың ішіндегі ең тереңі, әрі үлкені ол – Тынық мұхиты. Оның орташа тереңдігі 4281 метр. Одан кейін – Үнді
Қазақтың байырғы өлшем бірліктері Қазақтың байырғы өлшем бірліктері
Адамның денесі дүниедегі алғашқы өлшеу құралы болған. “Адамдар сызғышты және бір нәрсенің көлемін өлшеуге арналған өзге де айла – бұйымдарды ойлар
Адамның жасына байланысты атаулары Адамның жасына байланысты атаулары
Адамның жасына байланысты атауларын біліп жүру әрбір қазақтың міндеті дей отыра, оларды жаттай жүрейік.
Айша бибі. Қазақ тарихындағы әйелдер Айша бибі. Қазақ тарихындағы әйелдер
Айша бибі шамамен 11 - 12 ғасырларда өмір сүрген. Әкесінің есімі – Айғожа. Қараханидтер әулетінің негізін қалаған Қараханның қалыңдығы. Айша бибіге
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×