ойын сауық отауы
Дүниедегі ең  үлкен жануар, балық туралы
20.02.2022 1 461 0 Admin

Дүниедегі ең үлкен жануар, балық туралы

Бұл қызықты
Рухани - танымдық сүрлеулер
Дүниедегі ең  үлкен жануар, балық
Үлкен жануар
Қазіргі кездегі жануарлардың үлкені – көк кит. Оның ұзындығы отыз метрге жетсе, салмағы – 180 тоннадан жоғары. Тілінің өзі кіші пілдің салмағындай. Бүкіл денесінің үштен бір бөлігін бас сүйегі алып тұрады. Ұрпағын тірі туып, сүтпен асырайды. Киттер өкпесімен дем алады. Олардың іш құрылысы, қаңқасы, қан айналым жүйесі мен миы балықтан өзгеше. Киттің сыртқы май қабаты 35 - 50 см қалыңдыққа дейін болады. Су астында төрт - бес сағатқа дейін жүре алады. Кейбіреулері 600 метр тереңдікке дейін сүңгіп жүзеді. Үлкен киттер құйрықтарын су бетінен шығарып, кейде су бетіне секіріп те жүзе береді.
Үлкен балық
Үлкен киттен кейінгі балықтар тобына жататын – китті акула мен алып акула. Олардың ұзындығы 15 - 18 метрге дейін жетеді. Китті акуланың денесі үлкен бола тұра, басқа акуладай адамды жеп жіберуге қабілетті емес. Себебі, оның тісінің ұзындығы небәрі үш миллиметр ғана. Ал көмекейінің диаметрі 10 сантиметр. Сондықтан да, бұл балық мұхиттың кішкентай шабақтары мен моллюскаларын қорек етеді.
Тұщысулылар ішінде ең үлкені Оңтүстік Америкада мекендейтін арапайма немесе пирарука. Бұл балық төрт метрге дейін жетеді. Салмағы – екі жүз килограммдай. Бекіре балық көп өмірін тұщы суларда өткізетін болғандықтан оны да ең үлкен тұщысулы балыққа жатқызуға болады. Оның ұзындығы сегіз метрге, салмағы 1460 килограммға дейін жетеді.
Ең кіші балық Филиппин аралдарында өмір сүретін пандака пигмея балығы. Оның ұзындығы алты миллиметрден аспайды.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Рухани - танымдық сүрлеулер: Жеті қат көк Рухани - танымдық сүрлеулер: Жеті қат көк
Жеті қат көк аспан мынандай қабаттардан тұрады: 1. Тропосфера. Қалыңдығы полюстерде – 8 шақырым, экваторда – 17 шақырымдай. Температурасы – 570 С. 2.
Дүниедегі ең үлкен жылан Дүниедегі ең үлкен жылан
Жыландардың түрі екі мыңдай. Осылардың ішінен үлкендігі жағынан бірінші орында – король питоны. Олардың ұзындығы 10 метрге жеткенменен, салмағы
Үлкен сөнген жанартау қайда? Үлкен сөнген жанартау қайда?
Уганда мен Кенияның шекарасында орналасқан тау, ғаламшардағы ең үлкен және ежелгі сөнген жанартау
Терең әрі үлкен мұхит Терең әрі үлкен мұхит
Дүние жүзіндегі өзімізге таныс мұхиттардың ішіндегі ең тереңі, әрі үлкені ол – Тынық мұхиты. Оның орташа тереңдігі 4281 метр. Одан кейін – Үнді
Дүниедегі ең терең көл - Байкал Дүниедегі ең терең көл - Байкал
Дүние жүзіндегі 3 миллион көлдің ішіндегі ең айбынды әрі айдындысы – Азияның тап ортасына таман орналасқан Ресейдегі сібірлік көл Байкал.
Сусыз ең ұзақ өмір сүре алатын ол – егеуқұйрықтар Сусыз ең ұзақ өмір сүре алатын ол – егеуқұйрықтар
Қалталы егеуқұйрықтар мүлде су ішпейді. Судың оған қажеті шамалы, олар суды күнделікті жейтін тамағынан алады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×