ойын сауық отауы
Ағаш біткеннің де сыры бар, оны да оқып, біліп ал
25.09.2024 239 0 Admin

Ағаш біткеннің де сыры бар, оны да оқып, біліп ал

Бұл қызықты
Рухани - танымдық сүрлеулер: Ағаш біткеннің де сыры бар, оны да оқып, біліп ал
Адам баласының жан - дүниесі ағашқа байланысты болғандықтан, ерте заманнан - ақ оның қадір - қасиетін бағалаумен келеді. Ағаш біткеннен бабаларымыз киіз үйдің барлық керек - жарағын жасап, тұрмыстық бұйымдарды да ағаштан түйген. Жаугершілік кезіндегі қарулар да ағаштан жасалған. Қысқасы, ағаш адам өмірімен біте қайнасып жатыр.
Бабаларымыз жапан далада жеке өсіп тұрған ағашты қасиетті санап, зақым келтірместен, мүмкіндігіне қарай күтім жасауға әрекеттенген. Оның түбіне де көп отырмаған.
Ағаштың жанды тіршілік иесі һәм узақ уақыт орман ішін аралаудың адам ағзасына әсерінің күшті болары ғылыми дәлелденген. Орманда болған адам тың күш жинап, көңіл - күйінің көтерілуі арқасында, теріс ойлардан арылып, өз ағашын тапқан жағдайда, бойындағы дертінен де айығуына болады екен. Әсіресе, бүкіл дүние бусанып, жасыл тіршілік оянар көктемде, жиі - жиі орман аралаған дұрыс екен. Себебі, ағаштар да адамдар сияқты көктемде күш - қуатқа кенелетіндіктен, орман - тоғайдың ерекше жұпар аңқыған иісінен де ерекше ләззат алып, емделуге болады. Өз ағашыңды дұрыс таңдау арқылы, оның жағымды энергиясын бойға сіңіресің. Бір - бірінен алты метрден алшақ орналасқан ағаштардың энергиясы айрықша күшті болатыны анықталған. Мысалы, емен, қарағай күш - қуатымызды, иммунитетімізді арттырып, рухымызды көтеріп, оймызға кереметтей ой қосып, мірдің ұзаруына, қартаймауға, жігерлі жүруге көмектесіп, жағымды қуат энергиясын сыйлайды екен. Ескерер жағай, қарағайдың биоэнергетикасы ауыр болғандықтан жүрегі ауыратындардың қарағайлы ормандарда қыдыруларына көп болмайды.
Акация адамға жақсы көңіл - күй, тың күш, саялы сезім сыйласа, үйеңкінің биоалаңы те күшті. Ол кез - келген адамға жақсы әсер ететіндіктен, оны әркім - ақ батыл құшақтай берулеріне болады.
Қайың тек өзін еркелетін нәзік жандылардың символы саналып, көмектеседі. Оның шырыны да денсаулыққа пайдалы саналады.
Оқтай түзу теректің энергиясы да түзу болып келеді. Оның көмегімен бас және омыртқа ауруынан құтылуға болады екен.
Шетен, көктерек, терек, мойыл, мамыргүл, жөке сияқты ағаштар адам бойындағы жағымсыз энергияны өзіне тартып алу қасиетіне ие. Оларды біраз уақыт құшақтауға, бұтағын бөлмеге әкліп қоюға болады. Ескеретін бір жағдай: көктерек зиянды энергияны сорып алғаннан кейін, адамның бойындағыөз энергиясын бойына сіңіруе кіріседі екен. Сонымен бірге ерте кезден - ақ арша ағашының емдік қасиеті қазақ үшін таңсық емес. Оның иісімен ауырған адамды, үйді аластап, тазалайды. Күбіні, етті ыстауға да пайдаланады. Құрғақ жөтелді де емдеу қасиетіне ие.
Ағаштар, қоршаған орта сияқты, ғарыштан үздіксіз энергия аулап, оны бойына сіңіріп, сақтайды. Адам ағашпен сырласқанда, бойында биоэнергетикалық алмасумен, ағашқа сіңген энергия адамның бойына өтіп, ағашымыз өткізгіш дәнекер қызметін атқарады.
Әр адамның өзіне тән ағашы болады екен. Адамға ұнаған ағаш – онымен бір белгісіз байланысы бар ағаш. Бұл ғылыми түрде дәлелденген даусыз нәрсе. Бір ауру дендеп, қиналған жағдайда, көңілің құлазып жабығып, қамыққаныңда, өзің ұнатқан ағаштың саясында тұрып, арқаңды беріп, жауырыныңды тигізіп, сүйеніп, бетіңді беріп құшақтап, бойыңды босатып, энергия сіңіретініңе сенсең, көп өтпей - ақ, көңілің орнына түсіп, жайланып, маужырай жадыраңқы күй кешіп, мейір - шапағатқа бөленесің. Оның бар сыры мен құдіреті – сенің сүйген ағашыңнан бөлінген құпия энергия, өзіңді қинаған ауру мен көңілінңе қаяу түсіріп, кірбің орнатқан жайсыздықтың бәрін алып кетуінде. Энергия алып болған соң, ағашыңа алғыс айтып, ризашылық білдіруді ұмытпаған жөн. (жалғасы бар)

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ағаш ексең, күнәң жеңілдейді Ағаш ексең, күнәң жеңілдейді
Ертеде бір қандықол қарақшы тәубе еткісі келеді. Ол Шайқы Бұрқы әулиеге келіп: – Мен қырық жыл бойы қан төктім. Зұлымдықтан басқа іс жасамадым. Енді
Дүниедегі ең ерекше кәмпит ағашы Дүниедегі ең ерекше кәмпит ағашы
Шілде айынан бастап шешек атып, шоқ гүлдер ашатын, говения немесе мейіз ағашы аталған бұл ағаш 2000 метр биіктікте, тау басында Жаплния, Қытай мен
Дүниедегі ең биік сағат, нан ағашы Дүниедегі ең биік сағат, нан ағашы
Сағат мұнарасы теңіз деңгейінен 400 метр биіктікте орналасқан жалпы биіктігі 601 метр болатын Мукаррамма сағаты Меккеде. Сағат тілі – 18, минут тілі
Ағаш туралы мақал - мәтелдер Ағаш туралы мақал - мәтелдер
Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.
Мың жасаған ағаш Мың жасаған ағаш
- Мың жасапты мына ағаш, Көпті көрген о да қарт. Қыз бен жігіт аралас Қарай қалдық тұра қап.
Бала мен құс Бала мен құс
- Жыршы құс, тілімді алып, келші мұнда, Жасыл шөп, жасыл ағаш қалсын онда. Қапаста жаның тыныш отырасың, Жазы - қыс жейтін ұрық бәрі қолда.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×