ойын сауық отауы
Мақал - мәтелдер (денсаулық - зор байлық)
23.01.2018 5 792 0 Дауыл

Мақал - мәтелдер (денсаулық - зор байлық)

Мақал-мәтелдер
Денсаулық туралы мақал-мәтелдер
Құрастырған: Өтебай Тұрманжанов


Денсаулық – зор байлық

Жарлының байлығы –
Денінің саулығы.

Ауру – астан,
Дау – қарындастан.

Аурудың алдын ал.

Ауруын жасырған өледі.

Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.

Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.

Саулық - байлық негізі.

Көзің ауырса, қолың тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.

Ақша қарда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар,
Алыс жерде көп жүрсең,
Көңілің бір күн тарығар.

Ауырып тұрдың,
Аунап тұрдың.

Ауырып, жазылған жан олжа,
Жоғалып, табылған мал олжа.

Керең – адамның аузына қарар,
Соқыр – кісінің дауысын бағар.

Тұмау аяғы – құрт,
Тұман аяғы – жұт.

Аш кісі – ұрысқақ,
Ауру кісі – тырысқақ.

Басы аурып,
Балтыры сыздамағанның
Тәңіріменен ісі жоқ.

Тұр-тұрдан хабар келсе,
Ұйқыдан маза кетті.

Жұғын бар жерде шыбын абар,
Шыбын бар жерде шығын бар.

Жан ауырса, тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

Сынақтан өзгенің бәрі жұғады.

Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.

Күлегештің көңілі азбас,
Күтіншектің өзі азбас.

Қырықта қылау,
Сексенде шылау.

Жасырынғанның жарасы асқынады.

Лас адам – кіршік,
Надан адам – діншіл.

Тіс бүлінді дегенше
Іш бүлінді десеңші.
Іші бүлінді дегенше,
Іс бүлінді десеңші.

Арақ түбі – дерт,
Ұшқын түбі – өрт.

Қайғы қартайтады,
Қуаныш – марқайтады.

Ұшқын – өртке сеп,
Достық – дертке сеп.

Өлім – ойран,
Өмір – майдан.

Кебін кигеннен түңіл,
Кебенек кигеннен түңілме.

Ауру азығымен,
Тоқпақ қазығымен.

Арақпен достастым дегенше,
Адамгершілікпен қоштастым де.

Қара көзден нұр тайса,
Айналаң қара түн болар.
Екі аяқтан әл кетсе
Қарға адым жер мұң болар.

Ауру қалса да,
Әдет қалмайды.

Жаны ашымастың қасында
Басың ауырмасын.

Дәрі шөптен шығады,
Дана көптен шығады.

Боранның бұрқыратқан қыстан,
Сай – сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.

Күлкі – ашылған гүл,
Көңіл – шашылған нұр.

Соқырдың қолына түспе,
Саңыраудың астына түспе.

Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.

Ауру жайын баққан білер,
Аңның жайын атқан біледі.

Үш нәрсенің алдын ал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдын ал.

Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.

Кесел батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.
Жас жігіттің жарасы,
Жол - жөнекей жазылар.

Алты қатын азаға келсе,
Әрқайсысы өз мұңын
Ойлап жылайды.

Бірге тумақ бар,
Бірге өлмек жоқ.

Біреудің ажалы оттан,
Біреудің ажалы судан.

Сырқат тән жарасы,
Қайғы жан жарасы.

Қара көзден нұр тайса,
Қарға адым жер мұң болар.

Қартайғанда тістен тынарсың,
Тістен тынсаң, іштен тынарсың.

Ұйқы – тынықтырады,
Жұмыс – шынықтырады.

Орта жолда атың өлмесін
Орта жаста қатының өлмесін.

Жылан шаққан адам,
Ала арқаннан қорқады.

Жол туралы мақал - мәтелдер Жол туралы мақал - мәтелдер
Жол туралы мақал - мәтелдер Жолға шыққан жолдан табылар Айналыс та болса жол жақсы, Ақсақ та болса қыз жақсы.
Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер
Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер Ексең егін ішерсің тегін Арпа егіп, бидай орамын деме. Бақпаса мал өспейді, Баптамаса егін өспейді.
Сабырлық туралы мақал - мәтелдер Сабырлық туралы мақал - мәтелдер
Сабырлық туралы мақал - мәтелдер Сабыр – ақыл серігі Боларыңда болмасаң болған елдің атын жек (Көшімбек би). Болмастай іске болаттай бол.
Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер
Ырыс, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер Ырыс алды – ынтымақ Адам ұйымшыл, мал үйіршіл. Ажыраған бірін - бірі іздейді.
Денсаулық туралы мақал-мәтелдер Денсаулық туралы мақал-мәтелдер
Әуелгі байлық — ден саулық, Екінші байлық — он саулық, Үшінші байлық — ақ жаулық.
Адам және оның қасиеттері туралы мақал мәтелдер Адам және оның қасиеттері туралы мақал мәтелдер
Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×