Көптік туралы мақал - мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Көптік туралы мақал - мәтелдер
Көп қайда болса шындық сонда
Басыңа іс түссе бекке барма, көпке бар:
Бек беліңді сындырады, көп ісіңді тындырады.
Жақыны көп жасқанбас.
Жасықтың көбінен, асылдың азы артық,
Жер шетіне жүйрік жетпейді,
Көпке бұйрық жетпейді.
Көбікті төкпе, көпті сөкпе.
Көкті тіреуге болмайды,
Көпті мінеуге болмайды.
Көп адаспас, көл таусылмас.
Көп азға қылған зорлығын айтады,
Аз көптен көрген қорлығын айтады.
Көп алғысы көгертер.
Көп аузы дуалы.
"Көп біледі" деген күледі,
"Өзім білем" деген өледі.
Көп білсең де көптен артық білмейсің.
Көп біріксе ел болар,
Көп тілегі көл болар.
Көп қайда болса шындық сонда
Басыңа іс түссе бекке барма, көпке бар:
Бек беліңді сындырады, көп ісіңді тындырады.
Жақыны көп жасқанбас.
Жасықтың көбінен, асылдың азы артық,
Жер шетіне жүйрік жетпейді,
Көпке бұйрық жетпейді.
Көбікті төкпе, көпті сөкпе.
Көкті тіреуге болмайды,
Көпті мінеуге болмайды.
Көп адаспас, көл таусылмас.
Көп азға қылған зорлығын айтады,
Аз көптен көрген қорлығын айтады.
Көп алғысы көгертер.
Көп аузы дуалы.
"Көп біледі" деген күледі,
"Өзім білем" деген өледі.
Көп білсең де көптен артық білмейсің.
Көп біріксе ел болар,
Көп тілегі көл болар.
Құда - құдағи туралы мақал - мәтелдер
Құда - құдағи туралы мақал - мәтелдер Құл құдасын табады Алыс жерге құда болсаң түйе - түйе ас келер. Жақын жерге құда болсаңтүйе - түйе сөз келер.
Мал туралы мақал - мәтелдер
Мал туралы мақал - мәтелдер Артық мал ақы сұрамайды Ағадағы мал - аспандағы мал, Інідегі мал - іннің ішіндегі мал, Баладағы мал - даладағы мал.
Ел, Жұрт, Халық туралы мақал-мәтелдер
Қазақ және әлем халықтарының таңдамалы мақал - мәтелдері Құрастырған Өтебай Тұрманжанов