ойын сауық отауы
Еңбек туралы мақал - мәтелдер
07.02.2018 30 761 0 Дауыл

Еңбек туралы мақал - мәтелдер

Мақал-мәтелдер
Еңбек туралы мақал - мәтелдер

Еңбек етсең емерсің

Еңбегі аздың өнбегі аз.
Еңбегі көптің өнбегі көп.

Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор.

Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.

Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жер сыйлы.

Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай — ізет.

Еңбегіне қарай өнбегі.

Еңбегіне қарай табысы,
Ерлігіне қарай дабысы.

Еңбегінен ел таныр.

Еңбегің болмаса елге өкпелеме,
Ықтасының болмаса желге өкпелеме.

Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.

Аға - іні туралы мақал – мәтелдер Аға - іні туралы мақал – мәтелдер
Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет.
Ана туралы мақал - мәтелдер Ана туралы мақал - мәтелдер
Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың.
Жер туралы мақал - мәтелдер Жер туралы мақал - мәтелдер
Жер туралы мақал - мәтелдер Жері байдың елі бай Әуелі тәңірі жерге береді, Жерге берсе елге береді, Елге берсе ерге береді.
Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер
Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені Азынаған айғырды үйірде көр, Адамсыған жігітті үйінде көр.
Қазақтың мақал - мәтелдері. Еңбек. Ерлік. Ел - жұрт Қазақтың мақал - мәтелдері. Еңбек. Ерлік. Ел -
1. Еңбек - ердің сәні. 2. Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.
Еңбек пен кәсіп туралы мақал мәтелдер Еңбек пен кәсіп туралы мақал мәтелдер
Еңбек түбі – береке, Көптің түбі – мереке.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×