ойын сауық отауы
Адам жайлы мақал - мәтелдер
07.08.2018 4 048 0 Дауыл

Адам жайлы мақал - мәтелдер

Мақал-мәтелдер
Адам жайлы мақал - мәтелдер

Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.

Адам арын ойлайды,
Надан дүниеге тоймайды.

Адам бардүр адамдардың гүлі дүр,
Адам бардүр хайуан одан жақсы дүр.

Адам баласы тілдескенше,
Жылқы кісінескенше.

Адам болар жігіттің етек - жеңі кең келер.
Қошқар болар қозының маңдай жағы дөң келер.

Адам болар жігіттің жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің нары өзіне лайық.

Адам болатын жігіт әуелі өз нәпсісін билейді, сонан соң ауылды билейді, сонан соң аймағын билейді.

Адам болса көңілінде
болмай қалмас бір арман.

Екі мұңлық бас қосса
іштегі шерін шығарған (Бұқар жырау).

Адам болып жүргенің амандықта,
Тоңды тастап қашарсың жамандықта.

Адам болып туған соң, адам болып өлмек жөн.

Адам бір терінің ішінде толады да, солады да.

Адам гүлден нәзік, тастан қатты.

Адамға адам жат емес.

Адамға ақыл көптік қылмайды,
Азаматқа өнер көптік қылмайды.

Адамға арақ ас болмас,
Ішкен адамда бас болмас.

Адам деген ардақты ат.

Адам дүниенің ажары, дүние өмірдің базары.

Адамды арман қосады,
Алшақты дәрмен қосады.

Адамды еңбек көркейтеді,
Ағашты миуасы көркейтеді.

Адамды заманы билейді.

Адамды қабағынан таны,
Аспазды табағынан таны.

Адамды қанағат аздырмайды, қайғы аздырады.

Адамдықтың белгісі иіліп сәлем бергені,
Шын достықтың белгісі көп кешікпей келгені.

Адамды өмір үйретеді, үйренбесе күйретеді.

Адамды тарлық шынықтырады,
Адамгершілікті барлық ұмыттырады.

Адамды тұрар адам қып, ақжүрек пен адалдық.

Адамды түсіне қарап таныма, істеген ісіне қарап таны.

Адам елінде көгерер,
Қоға көлінде көгерер.

Адам жайын ауылдас білмейді, істес біледі.

Адам жаманнан жиренбей жақсыны үйренбейді.

Адам жүрген жермен адам жүреді,
Біреу білмегенді біреу біледі.
Адамзатты жұмыс жұбатады.

Адам зейіні алмастан өткір.
Адам кейінгіні көріп қартаяды,
алдыңғыны көріп марқаяды.

Адам көңілінен азады, тілінен тозады.

Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ.

Адам қайғысы — заман қайғысы.

Адам қартайғанда бір бала.

Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.

Адам құлақтан азады,
Қаңқудан тозады,
Көңілден семіреді.

Адам мен адам тоқшылықта бір кездеседі,
Жоқшылықта бір кездеседі.

Адамнан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.

Мақал – мәтелдер – Адам туралы Мақал – мәтелдер – Адам туралы
Адам құлақтан азады, Қаңқудан тозады.
Адам туралы мақал - мәтелдер Адам туралы мақал - мәтелдер
Адам адаммен, жер сумен.
Ақымақ, ақылсыз туралы мақал - мәтелдер Ақымақ, ақылсыз туралы мақал - мәтелдер
Ақымақ жауынды күні суға түсер
Бала туралы мақал - мәтелдер Бала туралы мақал - мәтелдер
Адам болар ұлыңның арқа - басы кең келер. Ана болар қызыңның ақыл - есі тең келер.
Жақсылық, жақсы адам туралы мақал - мәтелдер Жақсылық, жақсы адам туралы мақал - мәтелдер
Айдынды жақсы аймен тең, Жомарт жігіт баймен тең.
Адам және оның қасиеттері туралы мақал мәтелдер Адам және оның қасиеттері туралы мақал мәтелдер
Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×