Көзінен басқа ойы жоқ
Өлеңдер
Абай Құнанбаев
Көзінен басқа ойы жоқ,
Адамның надан әуресі.
Сонда да көңілі тым - ақ тоқ,
Жайқаң - қайқаң әр несі.
Білмейсің десе, жел өкпе,
Дейді дағы – тәңірі ісі.
Бірінен бірі бөлек пе,
Иемнің әділ пендесі?
Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі
Іштегі кірді қашырса
Адамның хикмет кеудесі
Наданның көңілін басып тұр
Қараңғылық пердесі.
Ақылдан бойы қашық тұр,
Ойында бір - ақ шаруасы.
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сәлдесі.
Малқұмар көңілі – бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі?
Жүректе айна жоқ болса,
Сөз болмайды өңгесі.
Тыңдағыш қанша көп болса,
Сөз ұғарлық кем кісі.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау
Көзінен басқа ойы жоқ,
Адамның надан әуресі.
Сонда да көңілі тым - ақ тоқ,
Жайқаң - қайқаң әр несі.
Білмейсің десе, жел өкпе,
Дейді дағы – тәңірі ісі.
Бірінен бірі бөлек пе,
Иемнің әділ пендесі?
Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі
Іштегі кірді қашырса
Адамның хикмет кеудесі
Наданның көңілін басып тұр
Қараңғылық пердесі.
Ақылдан бойы қашық тұр,
Ойында бір - ақ шаруасы.
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сәлдесі.
Малқұмар көңілі – бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі?
Жүректе айна жоқ болса,
Сөз болмайды өңгесі.
Тыңдағыш қанша көп болса,
Сөз ұғарлық кем кісі.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау
Абай Құнанбайұлы Абай Құнанбаев өлеңдері көзінен басқа ойы жоқ поэзия өлеңдер Абай Құнанбаевтың өлеңдері Абай Құнанбайұлының өлеңдері Абайдың өлеңі абай құнанбаев абай құнанбаев өлеңдері абай кунанбаев
Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы
Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы, Теңіздің түбіндей - ақ қарап бақшы. Сол жүректен жылылық, достық пенен Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы.
Ғалымнан надан артпас ұққанменен
Ғалымнан надан артпас ұққанменен, Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен. О - дағы қалыбынан аса алмайды, Жауқазын ерте көктеп шыққанменен.
Күйісбайға
Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға, Бермек болған айғырдың көзі қайда? Көзді көрсең бересің, тайсаң танып, Алдамшы атанғанның несі пайда?
Жүректе қайрат болмаса
Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек.
Біреуден біреу артылса
Біреуден біреу артылса, Өнер өлшеніп тартылса, Оқыған, білген - білген - ақ, Надан - надан - ақ сан қылса.
Абай Құнанбайұлының өлеңі Жүректе қайрат болмаса
Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек.