ойын сауық отауы
Мәз болады болысың
04.04.2016 7 337 0 Дауыл

Мәз болады болысың

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық қаққанға,
Шелтірейтіп орысың,
Шенді шекпен жапқанға.

Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
Ар - ұятын сатқанға?!

Күлмең қағып қасқайып,
Салынып ап мақтанға,
Таңқаламын, қампайып
Жоқты - барды шатқанға.

Үйі мәз боп, қой сойды
Сүйіншіге шапқанға.
Әуре қылды, салды ойды
Үйдегі тыныш жатқанға.

Еш нәрсе емес жұбанар,
Ақыл көзбен баққанға.
Жас баладай қуанар
Бір дәмдіні татқанға.

Көзі барлар ойының
Күлер көтін ашқанға.
Қасиетін бойының
Бекер төгіп шашқанға.

Қуанарлық қыз емес
Жылтырауық таққанға.
Өзгелерді, біз емес,
Түсірмекші қақпанға.

Осы да есеп бола ма
Ар, абұйыр тапқанға?
Миың болса жолама
Бос желігіп шапқанға.

Бір бес надан, оңбассың,
Нансаң, оның қосқанға.
Жасық, жаман болмассың,
Жамандықтан қашқанға.

Ол «болдым - ақ» дей берер,
Бұлғақ қағып басқанға.
Елең қағып елбірер,
Елертіп көзді аспанға.

Жайы мәлім шошқаның,
Түрткенінен жасқанба.
Бір ғылымнан басқаның
Кеселі көп асқанға.

Одан үміт кім қылар,
Жол табар деп сасқанда?
Үйтіп асқан жолығар
Кешікпей - ақ тосқанға.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Жақсы екен Жақсы екен
Құм жолы асфальт емес қой, Кездеседі дөңес, ой, Мінгеніміз сұр газик, Тоқтауды ол білместей, Заулайды көз ілеспей, Дөңгелегі құм қағып.
Шығамын тірі болсам адам болып Шығамын тірі болсам адам болып
Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып. Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп, надан болып.
Пайда ойлама, ар ойла Пайда ойлама, ар ойла
Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге.
Мен боламын демеңдер Мен боламын демеңдер
Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға. Екі көзің аларып, Құр қарайсың аспанға.
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа, Аларында шара жоқ алдамасқа. Табысына табынып, қалтаң қағып, Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.
Желсіз түнде жарық ай Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны - терең сай, Тасыған өзен күрілдеп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×