ойын сауық отауы
Сәулең болса кеудеңде
05.04.2016 4 608 0 Дауыл

Сәулең болса кеудеңде

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Сәулең болса кеудеңде,
Мына сөзге көңіл бөл.
Егер сәулең болмаса,
Мейлің тіріл, мейлің өл.
Танымассың, көрмессің,
Қаптаған соң көзді шел.
Имамсыздық намазда —
Қызылбастың1 салған жол.
Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел?
Берекелі болса ел —
Жағасы жайлау ол бір көл.
Жапырағы жайқалып,
Бұлғақтайды соқса жел.
Жан - жағынан күркіреп
Құйып жатса аққан сел,
Оның малы өзгеден
Өзгеше боп өсер тел.

Берекесі кеткен ел —
Суы ашыған батпақ көл.
Құс қаңқылдап, жағалап,
Сулай алмас жазғы төл.
Оның суын ішкен мал
Тышқақ тиіп, аспас бел.
Көл деп оны кім жайлар,
Суы құрсын, ол бір – шөл.
Единица – жақсысы,
Ерген елі бейне нөл.
Единица нөлсіз - ақ,
Өз басындық болар сол.
Единица кеткенде,
Не болады өңкей нөл?
Берекеңді қашырма,
Ел тыныш болса, жақсы сол.
Рас сөзге таласып,
Ақжем болма, жаным, кел!

1 Қызылбастар – қызылбаши (түрікше) – Иран жеріндегі көшпелі түріктерден құрылған, шах Исмаил бірінші мемлекетінің ең басты күші болады. Қызылбастар әскери жауынгерлерінің ерекшелік белгісі – он екі қызыл жолақты сәлде болған. Парсы жұртын қызылбастар деп атау осыдан шыққан.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Аға - іні туралы мақал – мәтелдер Аға - іні туралы мақал – мәтелдер
Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет.
Батпақ Батпақ
Батпақ емес жай ғана Бұл араның батпағы, Жүре алмайды тайғанап, Адам түгіл, ат - тағы!
Желтоқсан тағлымы Желтоқсан тағлымы
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Ғашықтың тілі тілсіз тіл Ғашықтың тілі тілсіз тіл
Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, Көзбен көр де ішпен біл. Сүйісер жастар қате етпес, Мейлің илан, мейлің күл.
Көрмеймін... Көрмеймін...
- Көрмеймін! - дейсің, Көрмесең, мейлің, көрмегін! Көретін көктен тәңірім емес сен менің. Көрмедің, мейлің, Көңлінді маған бөлмегін,
Жолдасқа Жолдасқа
Әй, әй, жолдас, жас жігіт Қиқу салған, лепірген, Кетті ме әлде жын соғып, Аузын, мұнша көпірген!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×