ойын сауық отауы
Ауылдастар арасында
01.03.2016 3 695 0 Дауыл

Ауылдастар арасында

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Ауылдастар арасында
Ақын болдың маңдайыңа бақ дарып,
Абыроймен жүрсін, оны атқарып,
Деп ауылдың адамдары
Көңілге
Келгендерін айтып жатыр ақтарып.

Біреу сүйіп, біреу өтер қызғанып.
Байсалды бол,
Өсірмейді қызбалық.
Сыналып та жүрсің,
Сынға төзіп бақ,
Сенің қалай жазатының бізге анық!

Құдай берген қабілет бар бойыңда,
Соны сақтау керектігін мойында.
Ауылға кел,
Болсын біздің мойында
Көлігің де,
Сауының да,
Қойың да!

Қымыз, шұбат — құзырыңа сол көмек.
Күнге күйіп,
Түсу керек көлге көп.
Қан жоқ, сел жоқ,
Тастаған ба оқу жеп,
Айналайын, дем алсаңшы елге кеп!

Түтін жұтып көкірегің қарайса,
Тас қалада қалмақшысың, қалайша?!
Екі бөлме үй бола ма?
Ауылдан
Берейік бір он бөлмелі сарай сап!

Ақын болдың маңдайыңа бақ дарып,
Абыроймен жүрсің оны атқарып,
Деп ауылдың адамдары
Көңілге
Келгендерін айтып жатыр ақтарып.

Бауырмалға мол - ay, шіркін, ел іші!
Беріп жатыр батасы мен қол ұшын.
Өзіңді өзің аямасаң егерде,
Елің сені аяйды екен сол үшін!

50 жас мерей тойға тілек 50 жас мерей тойға тілек
Қадірлі, отағасы! Ердің жасы – елу. 50 жасқа келген мерейлі сәтің құтты болсын!
Білемін Білемін
Білемін: сүйем сүйсем әйтеуір құлап - талып, дүниенің барлығы жырақ қалып. Сені мен мен түсінер жай туралы көргенім жоқ ешкімге сыр ақтарып.
Бай мен кедей Бай мен кедей
Бай болдың, батыр болдың, шешен болдың, Ел билеп, топ бастаған көсем болдың. Сен қылмаған өнер жоқ бола қойсын, Бір адам қандай болсын десең, болдың.
Іргетас Іргетас
Шежіреміз қию - қию, Шырғалаң. Шырғалаңды ұқпай менің жүр балам. Жер үстінде бір шаһарым ер жетіп, Жер астында шөгіп жатыр бір қалам!
Шұбат пен бота Шұбат пен бота
Ac артынан, алдыға шұбат келді, Біреу татып, біреулер сынап көрді. «Қызылқұмның» қиылып қыз - келіні, Шұбат емес, бір шара шуақ берді.
Күн бүгін күңіреніп Күн бүгін күңіреніп
Күн бүгін тұрып алды күреңітіп, Шіркіннің ашылмайды реңі түк. ... Күреңіткен ауылдың сырт жағында, Мені де отыр ма екен біреу күтіп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×