Бір Аллаға сыйынған адам өлмес
Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес...
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес,
Құдайсыз қу қолынан іс те келмес.
Белін бекем буғанның белі талмас,
Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.
Адамзат өзін - өзі сынау керек,
Тазалық, әділдікті ұнау керек.
Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай,
Ақтан көрген бәлеңе шыдау керек.
Не шыда, не залым бол, бірін таңда,
Әйтеуір ақылын тап, ерте қамда.
Момын бол, не бұзақы, не батыр бол,
Қазақ тыныш қоймайды не қылсаң да.
Адалға орын емес қазақ іші,
Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі.
Өзін асырар қазақтың өнері жоқ,
Бірін - бірі талайды – бар жұмысы.
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес...
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес,
Құдайсыз қу қолынан іс те келмес.
Белін бекем буғанның белі талмас,
Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.
Адамзат өзін - өзі сынау керек,
Тазалық, әділдікті ұнау керек.
Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай,
Ақтан көрген бәлеңе шыдау керек.
Не шыда, не залым бол, бірін таңда,
Әйтеуір ақылын тап, ерте қамда.
Момын бол, не бұзақы, не батыр бол,
Қазақ тыныш қоймайды не қылсаң да.
Адалға орын емес қазақ іші,
Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі.
Өзін асырар қазақтың өнері жоқ,
Бірін - бірі талайды – бар жұмысы.
Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері
Дүниедегі нәрселердің бәрі қысылады, мұздайды, қатады – түсі қашып, өлік сияқты жатады. Күн жазыла бастағанда – жаз болады: бәрі жадырайды –
Ойналықта күлелік
Жабы мінген жөнелмес, Тіріде пенде не көрмес, Көтергенмен кеудесін, Жақсыға жаман теңелмес.
Қарасай батырдың Есімханнан алған батасы
Ал, ақ батамды берейін, қолыңды жай: Аллаға қылығың жақсын, Таңда машһар күніңде Алдыңнан бүлақ ақсын!
Домбыра
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл - пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!
Бостандық туы жарқырап
Бостандық туы жарқырап, Еркіндік суы сарқырап. Байқұс қазақ осыдан Қана ала ма бас құрап.
Бай мен қонақ
«Қазақтың көп жұмысы не?» – десеңіз, Айтайын, жамандайды демесеңіз. Көргеніңді сөйле деп айтқызып ап, Қайта айналып етімді жемесеңіз.