ойын сауық отауы
Телефон шыр етеді
05.05.2016 3 088 0 Дауыл

Телефон шыр етеді

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Телефон шыр етеді:
сонда менің жүрегім дір етеді,
көйлегімнің желбіреп гүл етегі
жүгіремін. Не пайда, сен емессің.
Тек қиялдау көңілді жүдетеді.
Кешке дейін неше рет дірілдетіп,
мәнсіз, әрсіз, алаңмен күн өтеді.
Телефон, шыңғырсаң да,
көтермеймін енді мен - қылғын, сарна!
Жүрегіме тыныштық бермей қойды - ау,
төбесінен бір қойып сындырсам ба?!
Әне тағы... сені ме!
Қоңыр дауыс!
Трубканы сүйіп мен тұрдым сонда.

Кейбіреулер мені айтып етеді үлгі Кейбіреулер мені айтып етеді үлгі
Кейбіреулер мені айтып етеді үлгі, мен күрсінем қысқартып жеке күнді. Ертеңіме асығам, есіме алып бұл жалғанда сенің бар екеніңді.
Білемін Білемін
Білемін: сүйем сүйсем әйтеуір құлап - талып, дүниенің барлығы жырақ қалып. Сені мен мен түсінер жай туралы көргенім жоқ ешкімге сыр ақтарып.
Сағына түссін дедің бе Сағына түссін дедің бе
Жүректі тербеп бал сезім, қоштастым сонда дірілдеп. Аузымнан шықпай бар сөзім, ішімнен тұрдым "күнім" деп.
Көрінбей кетсең, сені мен Көрінбей кетсең, сені мен
Көрінбей кетсең, сені мен көруге тіпті құштармын. Жаныма жақын келіп ең - келмеді бірақ тіс жарғым.
Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім? Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім?
Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім? (Мен сорлы да өрліктен шарасызбын). Содан бері жанарым мұңға толы, содан бері әйтеуір мазасызбын!
Өзіңменен жүрегім егіз менің Өзіңменен жүрегім егіз менің
Өзіңменен жүрегім егіз менің, түндер бойы қарманып сені іздедім - жоқсың. Сонда еске алдым қимастықты тағдырдың желі үзгенін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×