ойын сауық отауы
Оғыланды
06.05.2016 2 101 0 Дауыл

Оғыланды

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Адасып келем,
дала асып келем елсізде
түн менен ойға қамалып,
Жусан иісінен нәр алып.
Жұлдыздар көктен қарайды самсап қадалып.
Алдымда тұтас көкжиек құшып тау жатыр
ықтын болардай жолаушы жетсе жаны арып.
Ойымша – сонда маған да пана болатын жылы бір ұя бары анық.

Құлама құзы – тайғанақ,
тәубаға келдім – қарап ем,
қатерін төгіп тұрғандай маған бар әлем.
Қастерлі тауда қасиет бардай жарылқар
шықпай жүргенді жаны әрең.
Келесің мұнда сырласу үшін сақтанбай
өзіңмен, армен, даламен.

Түн құшып жатыр бұл маң да...
Жарқ етер екен таң қашан?
Сенімсіз түнде үмітімді немен жалғасам?
Ал, менің әлі сапарым қанша алдымда,
күш құяр жанға жолымда сәуле – бар ма шам?
Әлі де біраз жолым болмайтын секілді - ау,
Оғыланды тауда бір түнеп қуат алмасам.

Әділет айнасы. Қасым Аманжолов өлеңі Әділет айнасы. Қасым Аманжолов өлеңі
Юрист емен, ақынмын, сонда - дағы Көз алдымда, қолымда елім заңы. Ескі таныс сөздермен сырласамын, Жырдай қонып көңілге әр тармағы.
Бір шоқ емен Бір шоқ емен
Кештер, кештер, жазғы кештер Өтіп жатыр жанға жайлы. Көз алдымда жақсы елестер, Бір тәтті үшін құшақ жайды.
Мен онымен қай кезде көрісемін Мен онымен қай кезде көрісемін
Мен онымен қай кезде көрісемін? Қашан? Қашан? Айтшы сен соны, сенім?
Шыдам Шыдам
Бұл адамдар шыдап жүр қалай маған? Сырбаздықты әдетте қалайды адам. Шындықты айтар шыдамсыз болмысымнан зардап шегіп жүргендей бар айналам.
Қоңыр жыр Қоңыр жыр
Тізілген толқын - меруерт, Толғанып оқы, тербетер. Күңірентер оймен кім білед Тізілген - толқын меруерт.
Сен сұлу Сен сұлу
Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу, Жарқ - жарқ еткен майда найзағай сұлу. Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала, Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×