ойын сауық отауы
Жаңғырып Алтай тауы саласынан
23.09.2016 1 781 0 Дауыл

Жаңғырып Алтай тауы саласынан

Өлеңдер
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

Жаңғырып Алтай тауы саласынан,
Майысқан ағаш, шөптер арасынан.
Деді маған тырысып құтылмасаң,
Сахараның, б... іздейсің даласынан.
Телміріп бар өмірінде жемтік жеген
Қарғаның жаман - ақсың баласынан,
Онан да талаптанып, қолың созып,
Алланың несібеңді ал панасынан.
Маңдай тер, жанды қинап жігер етіп,
Тұрмысы алып соқшы жағасынан.
Ұқпайды бұл сөзімді басқа кісі Махмұттың,
Әбдікәрім ағасынан.

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке

Мейірімсіз ажал Мейірімсіз ажал
Көңілге қайғы у салып, Көзден жасты парлатқан, Жүрекке жара дақ салып, Жанды ашытып зарлатқан Уытың күшті, ажал - ай!
Маңайымнан әрмен кет Маңайымнан әрмен кет
Маңайымнан әрмен кет, Жанды қуыршақ, арам ет. Білдірместен астыртын Алдап едің көз құртын, Құр бояма қызыл бет.
Қарағай да қайғырып Қарағай да қайғырып
Қарағай да қайғырып, Суылдайды заманға. Иесінен айрылып, Кездескен берік қамалға.
Асыл сөз Асыл сөз
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдықты көздесең, Жат тоқып ал көңілге.
Шығамын тірі болсам адам болып Шығамын тірі болсам адам болып
Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып. Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп, надан болып.
Кедейлік Кедейлік
Кедейлік, сен жексұрын, түсің, суық, Іздемес сені адам керек қылып. Амал жоқ, ықтиярсыз құл қыласың Маған салса қасыма келме жуық.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×