ойын сауық отауы
Келді хатың, мен шаршап
23.09.2016 1 300 0 Дауыл

Келді хатың, мен шаршап

Өлеңдер
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

КЕЛДІ ХАТЫҢ, МЕН ШАРШАП

Келді хатың, мен шаршап
Отырғанда дамығып.
Хабарыңа бек аңсап,
Сүзіліп көзім талығып.
Сөзіңнен көріп өзіңді,
Құшақтай алдым қамығып.
Кім сүртті сонда көзімді,
Қамықпаймын не ғылып.
Сөйлесіп гүлдей жайнады,
Булыққан көңілім тарығып.
Қапалы лебізің айдады,
Гүл самалға малынып.
Хатың болып бір айна,
Қарай қалдым аңырып.
Баяғы Махмұт жоқ, қайда?
Өзімді қаппын жаңылып.
Сарғайған, түсі өзгерген,
Шаң басып, кеуіп қаңырап.
«Кімсің?»— дейді кез келген,
Достына жалғыз танылып.
Айнадан көріп бұл түсті,
Кете жаздым жарылып:
Қуат бітті бір күшті,
Жеңілерлік тағдыр жалынып.
Мысал етіп бұл жөнге,
Көрсетейін мынаны:
Қуаты күшті вулкандар
Сөнгендей біраз тұрады.
Өлусіреп, әлсіреп,
Түгіні кейде шығады.
Булыққан сайын қуатты
Бойына жиып нығады.
Ол қуатпен атылды,
Кім қарсылық қылады?
Бетін жапқан тау - тастар,
Быт-шыт болып сынады.

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке

Туған ел, отан туралы өлеңдер Туған ел, отан туралы өлеңдер
Туған ел, отан туралы өлеңдер Отан туралы Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен
Мейірімсіз ажал Мейірімсіз ажал
Көңілге қайғы у салып, Көзден жасты парлатқан, Жүрекке жара дақ салып, Жанды ашытып зарлатқан Уытың күшті, ажал - ай!
Көңілім, неге жасисың Көңілім, неге жасисың
Көңілім, неге жасисың? Миым, неге ашисың? Ой түбіне жете алмай, Жүректі тырнап қасисың.
Жұмақ Жұмақ
Кең сарай — ұғуынша жұрттың жұмақ Бар мұсылман жиналып сонда тұрмақ. Ұйқы жоқ, ас ішу жоқ, махаббат жоқ, Не қылған «қызық тірлік» біткен қурап!
Асыл сөз Асыл сөз
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдықты көздесең, Жат тоқып ал көңілге.
Шығамын тірі болсам адам болып Шығамын тірі болсам адам болып
Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып. Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп, надан болып.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×