ойын сауық отауы
Нарын түні
29.09.2016 2 376 0 Дауыл

Нарын түні

Өлеңдер
Тайыр Жароков (1908 - 1965)

Нарын түні
Сары иық Нарын құмының
Күзгі түні тартты ызғар,
Жарығы ай нұрының
Жерден ине тапқызар.

Киігі желдеп түнде өрген,
Құмы жалпақ осы алап,
Қояны шошып жүгірген,
Жұлдызша ағып қосаяқ.

Одан басқа дыбыстап
Жел сәл үрген жапырақ,
Зіл ұйқыда тыныстап
Жатты Нартау топырақ.

Жұлдыз оты төгіле
Құм бойына тез тарап,
Жүзді түнгі көгінде
Ай - дөңгелек жез табақ.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 «а» сынып оқушысы Бисенбаева Жаннұр

Өсейік гүлдей қосылып Өсейік гүлдей қосылып
Хош келіпсіз, меймандар, Аңсап алыс Дунайдан. Астығым бар, алмам бар, Көр дәулетті молайған.
Тек таңғала қарайды Тек таңғала қарайды
Тек таңғала қарайды Жапырақ жұлып жаутаңдап, Тәкаппарсып түйелер, Жүр жатуға жай таңдап,
Мезгіл Мезгіл
Мінезіңді кім білген Жүйрік мезгіл қызықсың, Жас кезімде мен жүрген Құмға басқа із сызыпсың.
Жақсы екен Жақсы екен
Құм жолы асфальт емес қой, Кездеседі дөңес, ой, Мінгеніміз сұр газик, Тоқтауды ол білместей, Заулайды көз ілеспей, Дөңгелегі құм қағып.
Суық қолға сұқтырма Суық қолға сұқтырма
Қой терісін жамылып, Бөлтірігі қасқырдың Арадан қалса табылып, Тапжылдырмай басқа ұрғын.
Сауатыңды аш Сауатыңды аш
Ғасыр бойы тұман басқан, Мұңдыларды мұнар басқан, Жұмысшы тап теңдік алып, Көзін ашқан, ұрандасқан.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×