ойын сауық отауы
Ырым
01.10.2016 2 263 0 Дауыл

Ырым

Өлеңдер
Ескен Елубаев өлеңдері

Ырым
Мұндай ырым бары есте,
Ел жұрт түгел біледі.
Жағып қояр нәресте
Маңдайына күйіне.

"Көзі ешкімнің тимесін,
Аулақ болсын бәлекет.
Ауырғанды білмесең ",-
Дегеннен бұл әрекет...

Жақсы ырымның біріне,
Санап оны құптаймыз,
Бірақ
Қарап түріне,
Асанды біз ұқсаймыз.

Кір күйелеш несіне,
Жумас бетін жөнді де,
Әлде
Ол да өзіне
Кім тимесін дейді ме?!

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектебі
3 сынып оқушысы Тлекбайқызы Мариям

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Қыс Қыс
Қыс Әй, Қыс, Қыс, Қыс дегенге, Қыса берме бекерге. Келдің бе елді қыспаққа, Шығатындай ұшпаққа. Төпелетіп қарыңды, Төге берме кәріңді.
Райхан гүл Райхан гүл
Гүл біткеннің жөндісі, Көрген адам таң қалған. - Қалай ғажап, өндің?- Деп сұрадық Райханнан.
Бала болдым деме сен Бала болдым деме сен
Кітап оқып телміріп, Екі көзің талмаса, Екіленіп еліріп, Ойнап құмар қанбаса,
Қылау Қылау
Қалықтап келіп Жерге қонды... Демек, "Қылауда да салмақ болды"
Парламент Парламент
Халық қамын ұға алар, Тығырықтан шығарар, Парламентте бас қосар Кілең ығай - сығайлар.
Мұрын көтеру Мұрын көтеру
Жармас басты тұқырту, Негізсіз дер ме мұнымды, Көкжиек болдым жұрт құрлы, Көтеріп көке мұрнымды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×