ойын сауық отауы
Торғай
01.10.2016 6 050 0 Дауыл

Торғай

Өлеңдер
Сұлтан Қалиевтің өлеңдері

Торғай, торғай, тоңдың ба?
Тұра алмайсың орныңда.
Бір қонасың, бір ұшып,
Дірілдейсің бүрісіп.
Үйге кірші, торғайым,
Сары аяздан қорғайын.
Үйшік жасап берейін,
Алдыңа жем төгейін.
Күн жылып, қар кеткенде,
Босатайын көктемде.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Боранқұл орта мектебінің
оқушысы Рабаева Ақзер
Мұғалімі: Нурекешова Тойган

Сыйға – сый Сыйға – сый
Жем шашсам күнде, күн ара, Тауықтар әбден тояды. Мен жасап берген ұяға Жұмыртқа салып қояды.
Әже Әже
Ұл - қызыңа ерген Немереңбіз - әже. Немереңнен өрген Шөбереңбіз - әже.
Гүл Гүл
Үйде тұрып өсетін Әкеп гүлдің көшетін, Топырақты салдым да, Отырғыздым қалбырға.
Тұңғыш қазақ ғарышкері Тұңғыш қазақ ғарышкері
Әубәкіров ағаның Даңқы көкке самғаған. Тоқтар аға Гагарин Салған жолды жалғаған.
Боран Боран
Тал - шыбықтар шайқалып, Тентек боран ұлиды. Ысқырады айналып Айналада бір үйді.
Біз шадыман баламыз Біз шадыман баламыз
Аппақ, аппақ, аппақ қар, Қар жамылған дала аппақ. Қырау - қырау тал аппақ, Айналаның бәрі аппақ.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×