ойын сауық отауы
Ананың сүюі
30.09.2016 54 749 2 Дауыл

Ананың сүюі

Өлеңдер
Ыбырай Алтынсарин өлеңдері

Ананың сүюі
Кім сендерді, балалар, сүйе - тұғын,
Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйе - тұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре - тұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Камқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Кұлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле - өлгенше.
Ыбырай Алтынсарин өлеңдері, өмірбаяны

Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен
Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен Кете бар, кессе басың шындықпеген! Қорек тап бейнеттен де Тәңірің жәрдем, Телмірме бір адамға мұңдылықпеген!
Бұл кім? Бұл кім?
«Бала, бала, бала» деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған.
Әй, жігіттер Әй, жігіттер
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз, Азған елдің ішінен. Алыс - алыс қашыңыздар, Зияндасты кісіден.
Жаз Жаз
Сәуірде көтерілер рахмет туы, Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы. Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп, Жайылар жер жүзіне қардың суы...
Әй, достарым Әй, достарым
Әй, достарым, жігіттерім, Болмасқа болушы болма! Қолыңнан келсе қыл қайыр, Кісіден алушы болма.
Кел, балалар, оқылық Кел, балалар, оқылық
Бір Аллаға сиынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық..
Пікірлер (2)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Алуа
#1 Алуа Қонақ 7 қаңтар 2019 20:58
оте керемет олен

оте керемет олен
Калия
#2 Калия Қонақ 22 ақпан 2020 22:29
Міржақып Дулатұлының өлеңі бұл
×