ойын сауық отауы
Менің атам
26.09.2016 5 865 0 Дауыл

Менің атам

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Атам менің жақсы адам,
ешкім одан аспаған.
Фашистермен соғысып,
оң аяғы ақсаған.
Көп айтпайды ол өткенін,
қанын қалай төккенін.
Бірақ әжем сақтаған
ордені оның көп керім.
Әзілі оның қалмайды,
әжемді де алдайды.
Үйдегілер күлкіден,
аузын жия алмайды.
Әжем де оны сөкпеді,
сөзін де екі етпеді.
Шақырса егер біреулер,
әжемсіз ол кетпеді.
Бір - бірінен екеуі
қызғанады тек мені.
Атам деген мықты адам,
ылғи мені құптаған.
Ауырса да аяғы,
қабағын бір шытпаған.
Сол соғыста мына мен
болсам, жауға шығар ем.
Ақсақ қылған атамды
дұшпандарды қырар ем!

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы
Опорный орта мектебі 2 сынып оқушы Маташова Ақжібек
Сынып жетекшісі Шарова Сауле

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Шырша Шырша
Ақ қырауға малынған ақша қардай сақалы, көптен күтіп сағынған көрдік Аяз Атаны.
Әже Әже
Тентек болсам, ашынып, жақсы іс қылсам, асырып, маған сақтап жүреді тәттіні де жасырып.
Ақ мамам Ақ мамам
Еркелесем, күлімдейтін, ұрысқаны білінбейтін. Маңдайымнан иіскеп менің, «Құлыншағым, күнім!»- дейтін
Бақша - біздің үйіміз Бақша - біздің үйіміз
Бақша - біздің үйіміз Бала бақша көрінді, келіп қалдық, міне, біз. Бақшамызда көңілді,
Әженің жыры Әженің жыры
Шанаға жектім шал жорға, жарқылдайды тағасы. Жарқылдаған жағасы мынау кімнің баласы?!
Туған жер Туған жер
Құрыш болат білекпен шөл далаға гүл еккен, Қалаларды самсатып, жапандарды түлеткен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×