ойын сауық отауы
Ұшқыш
27.09.2016 3 298 0 Дауыл

Ұшқыш

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Төбеден шаншылып,
Бәріңе
Ән салып береді бозторғай.
Одан да
Жоғары
Әріде
Ұшады тырналар жезтаңдай.
Әрменде
Бұлттар тұр
Түнеріп
Қабағы түксиген қап - қара.
Сол маңды
Мекендеп
Жүреді
Жаңбырда, бұршақ та, ақ қар
Одан да
Жоғары
Биікте
Ақ шаңқан самолет ұшып жүр,
Ішінде
Ұшқыш бар,
Білікті:
Ол да бір, самғаған құсың бір.
Көгілдір
Кеңістік
Айнала,
Сүйеді ол қашан биікті
Өмірін
Ерлікке
Арнаған
Ұшқышқа кең аспан сүйікті.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Ақыл қайда Ақыл қайда
Ақ мамасы сүйікті Қойдың басын үйітті Былбыратып пісірді, Табаққа әкеп түсірді.
Бұғы Бұғы
Бұғы бар Алтайда, Алыста. Аттан да Озады ол Жарысса
Міне, жігіт!... Міне, жігіт!...
Тай әрі де тулады, Тай бері де тулады. Көріп тұрған балалар Деді: - Әне, құлады.
Не? Не?
Қанатбек қутыңдап, Аузы бұлтыңдап, Қаужаңдап шайнайды, Не жұтып қоймайды.
Қамқор Қамқор
Ойнақ салып бұзауым, Қарашы үйден ұзауын. «Ойна,- дей ме,- берірек», Енесі тұр мөңіреп.
Оқы, оқы және оқы! Оқы, оқы және оқы!
Балаларды сүйетін Күн боп туған еліме, Ілдік көсем суретін Әр кластың төріне.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×