ойын сауық отауы
Қызғаныш
28.09.2016 1 771 0 Дауыл

Қызғаныш

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

«Айналайын бала», - деп,
Мақтайды анам Асанды
«Өзіңдей ғой, қара, - деп,-
Не тіршілік жасайды.
Әркімдер – ақ малына
Асан құсап қарасын
Күрек ұстап қолына,
Тазалаған қорасын.
Тек ойнамас алысып,
Шаруа жайы білгені.
Апасына болысып,
Суын тасып жүргені.

Жағымды осы жүрісі,
Бір де тыным таппайды».
Күнде маған үй - іші
Оны
Кеп – кеп мақтайды!
Оның жасап жүргені -
Менің де істеп жүргенім.
Сонда, шіркін,
Бұл мені
Кім мақтайды, білмедім?

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Себеп Себеп
Алдым бүгін «екілік». Ойламап ем сұрар деп. Қорықпаймын, Жекіріп, Сонда да апам ұрар деп.
Бұғы Бұғы
Бұғы бар Алтайда, Алыста. Аттан да Озады ол Жарысса
Тостаған Тостаған
Өзгешелеу басқадан Мынау кетік тостаған. Кім кемірген жан - жағын, Кім кетік қып тастаған?
Білгішін – ай Білгішін – ай
Асанды ерттім жаныма Бауға бірге барғалы. Біледі ол айыра, «ЗИМ» мен «ЧАЙКА», «ВОЛГАНЫ».
Біздің кеңесіміз Біздің кеңесіміз
Күнде – күнде сабақтан, Кешігеді бір досым. Көріп мұны сағаттан Түзелмей - ақ жүр досым.
Не? Не?
Қанатбек қутыңдап, Аузы бұлтыңдап, Қаужаңдап шайнайды, Не жұтып қоймайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×