ойын сауық отауы
Шатыр
28.09.2016 1 682 0 Дауыл

Шатыр

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі
Шатыр
Темір жол бойы бағана,
Сымында көктем құстары.
Жып – жылы қазір далада,
Дала да үйдей қыстағы.
Шырақ боп мың сан гүл жанып,
Лапылдай түсіп жон жатыр
Жапырақ жайған бүр жарып,
Емендер – жасыл қол шатыр.
Көктемнің бала жаңбыры
Көшеге шықса жүгіріп
Астына емен шатырдың
Қаламыз біздер тығылып.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Бұғы Бұғы
Бұғы бар Алтайда, Алыста. Аттан да Озады ол Жарысса
Міне, жігіт!... Міне, жігіт!...
Тай әрі де тулады, Тай бері де тулады. Көріп тұрған балалар Деді: - Әне, құлады.
Тостаған Тостаған
Өзгешелеу басқадан Мынау кетік тостаған. Кім кемірген жан - жағын, Кім кетік қып тастаған?
Біздің кеңесіміз Біздің кеңесіміз
Күнде – күнде сабақтан, Кешігеді бір досым. Көріп мұны сағаттан Түзелмей - ақ жүр досым.
Не? Не?
Қанатбек қутыңдап, Аузы бұлтыңдап, Қаужаңдап шайнайды, Не жұтып қоймайды.
Кім? Кім?
Дабырласып далада, Балалармен бір жүр ем, Іші ауланың бағана Болып кетті дүрбелең.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×