ойын сауық отауы
Кешкі сурет
28.09.2016 2 417 0 Дауыл

Кешкі сурет

Өлеңдер
Ескен Елубаевтың өлеңі

Атасы айтты: - Қарғам,- деп
Жігіт болып қалған, - деп
Кем болмайды қайткенде
Әке тілін алған,- деп.

Қазір бәрі білімде,
Жаман болмас күйіңде,-
Баласынан айналып
Сыймай отыр үйінде.

Апасы айтты:- Күнім,- деп,
Адам бопты бүгін,- деп.
Кітап бетін ашпайтын,
Түзетіпті мінін,- деп

«Оқып отыр сабағын»
Дейді ата - ана: «Қарағым».
Еміренген баланың
Сықылына қарағын:

Бір кітапты парақтап,
Әр бетіне қарап қап,
Мақтағанға әспенсіп
Бала отыр алақтап.

Бала отыр тектен – тек,
Мақтау оған жеткен жоқ.
- Бір сом тығып қойып ем,
Қайда ұшып кеткен? – деп...

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Жанашыр Жанашыр
Аяз болса, ызғарлы,- Деп,- күшігім мұздайды, Бүгін есен кішкентай Күшігіне жүз барды.
Себеп Себеп
Алдым бүгін «екілік». Ойламап ем сұрар деп. Қорықпаймын, Жекіріп, Сонда да апам ұрар деп.
Мен неге мінбедім Мен неге мінбедім
Отыр Өркен есептеп, Бөліп жүйе - жүйеге: «Мініп көрдім есекке, Мініп көрдім түйеге.
Табыңдар Табыңдар
Асан - Үсен екеуі Тату – тәтті дос еді Көңілдері қош еді, Екі қолы бос еді.
Бақытжанның амалы Бақытжанның амалы
Жүргенде ойын деп, Ашқан ғой қарыны, Бақытжан жейін деп Алды уыс тарыны.
Тырма Тырма
Босқа қарап тұрмадым, Біраз жұмыс тындырдым. Әттең, бірақ тырманың, Екі тісін сындырдым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×