ойын сауық отауы
Көктем
26.10.2016 2 558 0 Дауыл

Көктем

Өлеңдер
Қасым Аманжолов өлеңі

Көктем
Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді ертелеп,
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп.
Асау өзен арқырап,
Асқар таудан дүркіреп,
Айдын жатыр жарқырап,
Алды дала бір түлеп.
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
Жауды жаңбыр сіркіреп,
Мейірленіп жерге күн.
Естіп аспан дауысын,
Асыққандай гүл шығып,
Андып бұлттар аңысын,
Колхозды ауыл құлшынып.
Алақанын тұр жайып
Жас ағашта жапырақ,
Балғын өмір ғажайып
Жас дауыспен жамырап.
Еңбек ата жүр елде
Егінжайда ту ұстап,
Қара бұйра кілемге
Алтын шашып уыстап.
Темір тепшіп ер терлеп,
Трактор сүйреп даланы,
Бүгінгіден ертеңге
Алып кетіп барады...
Көктем күйін бастады
Өз өнерін асыра.
Қысты қуып тастады
Асқар таудың басына.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля

Май Май
Апрель кетіп, май жетсе, Табиғатқа жан кірер. Мұз бұзылып, қар кетіп, Қара жерге әр кірер.
Жаз көңіл Жаз көңіл
Жаз көңіл жарқылдаған бұл бір шағым, Жаныма дарытпаймын дүние шаңын. Әніммен қарсы аламын әрбір күнді, Жайғандай ерке нәзік жар құшағын.
Дауыл Дауыл
Ышқына соққан дауылға Құмартушы ем жасымда. Нөсерлеп құйған жауында Қызығушы ем жасынға.
Құз Құз
Қабағын түйіп құз тас тұр Төңірегіне парық caп. Шыңында шулап құстар жүр Айнала ұшып шарықтап.
Қарашаш Қарашаш
Институтта жүр оқып Қазақ қызы Қарашаш. Оқы, оқы, қарындас, Туған елге білім шаш.
Біздің көктем Біздің көктем
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×