ойын сауық отауы
Қосылыс
26.10.2016 1 377 0 Дауыл

Қосылыс

Өлеңдер
Ілияс Жансүгіров өлеңі

Қосылыс
Қосылды міне екі жас, амандасты,
Қара көз, қас қағылып, хабарды ашты.
Майысып балдырғандай қыз толысып,
Жігітке берді ләззат таб алмасты.
Көңілі бір, ойы тура, құмары нық,
Заман да айдап қосты замандасты.
Леп беріп, бетін үріп су салқыны,
Шайқалтып манауратты барша ағашты.
Түрлентіп шалғын, жапырақ, бәйшешекті,
Сайратты еріксізден сандуғашты.
Қарақұс көкті айналып, көлдегі үйрек,
Бозторғай жымыңдасты, тағы алдасты.
Ынтықтың бұл қосылған құрметіне,
Шығарды бұлбұл даусын жапанға ащы.
Көбелек көлбектетіп су бойында,
Көгершін таста көкек самалдасты.
Толқытқан жер - жиһанды, екі жасты,
Тілесе жауыз жазмыш не қалмасты

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля
Ілияс Жансүгіров өмірбаяны, өлеңдері

Ішім еріп Ішім еріп
Ай жарық, нұры балқып тұрған түні, Жарасып, жалтылдасып жұлдыз сыны. Шағылда ыңсыз - дыңсыз қыбырлаған, Дейтін - ақ секілденіп әлдекімі.
Май Май
Апрель кетіп, май жетсе, Табиғатқа жан кірер. Мұз бұзылып, қар кетіп, Қара жерге әр кірер.
Жаңылғаным Жаңылғаным
Жалғанды «жазықты» деп жамандадым, Ол жазықтан өзімді амандадым. Ойладым да отырдым ел табуға, Заманнан жақсы досты таба алмадым.
Жыбырлақ Жыбырлақ
Көңілім қорқақ, Тілім шорқақ, Мінсіз емес бозбала! Өнерім аз,
Біздің жазда Біздің жазда
Бозторғай шырлап, жаз құсын жырлап, Үйрек сытырлап, қаз пырлап, Түйе боздап, қой қоздап, Жылқы азынап, жел маздап,
Оқу Оқу
Қарайыңқы көңілді аппақ қылған бұл оқу. Түк білмейтін қамауды тақ - тақ қылған бұл оқу. «Тұтқасы» деп тұрмыстың мектеп құрған бұл оқу... Жаратқанның
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×