ойын сауық отауы
Тарланым
26.10.2016 2 118 0 Дауыл

Тарланым

Өлеңдер
Махамбет Өтемісұлы өлеңі
Тарланым
Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме,
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным, көп болды - ау
Саған да менің арманым!
Кермиығым, кербезім!
Керіскідей шандозым.
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым!
Тебіренбес ауыр мінездім!
Садағыңа сары жебені салдырған,
Садағының кірісін
Сары алтынға малдырған.
Тереңнен көзін ойдырған,
Сұр жебелі оғына
Тауықтың жүнін қойдырған.
Маңдайын сары сусар бөрік басқан,
Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан.
Айқайласа белдік байлаған,
Астана жұртын айналған,
Астына тұрман болсам деп,
Жұртына құрбан болсам деп,
Адырнасын ала өгіздей мөңреткен;
Атқан оғы Еділ - Жайық тең өткен:
Атқанын қардай боратқан,
Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан,
Арыстан еді - ау Исатай!
Бұл фәнидің жүзінде
Арыстан одан кім өткен?

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля

Махамбет Өтемісұлы басқа өлеңдері

Әрәйнә Әрәйнә
Әрәйнә, жігіттер, Әрәйнә! Арғымағың жарай ма? Астыңа мінген арғымақ Аяңдай түсіп, марай ма?
Исатай деген ағам бар Исатай деген ағам бар
Исатай деген ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар. Хан ұлымен қас болып, Қара ұлымен дос болып, Хан үстіне барғанда,
Еңіреу ұлы емшек боз Еңіреу ұлы емшек боз
Еңіреу ұлы емшек боз Ер мінген күні берік болсын. Еменнің түбі сары бал Ер ішкен күні көп болсын.
Елмен қоштасу Елмен қоштасу
Атама менің сәлем айт, Атын басқа байласын, Еменнен найза сайласын. Достыны достым демесін,
Шегініс Шегініс
Толғай - толғай жүгірген, Топырақты суырған, Ертеден салса, кешке озған, Ылдидан салса, төске озған
Жалған дүние Жалған дүние
Қоғалы көлдер, құм, сулар Кімдерге қоныс болмаған? Саздауға біткен құба тал Кімдерге сайғақ болмаған?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×