ойын сауық отауы
Келе жатам Алматыға жаяулап
04.03.2017 1 987 0 Дауыл

Келе жатам Алматыға жаяулап

Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Келе жатам Алматыға жаяулап,
Келе жатам, арман қуып, ой аулап.
Жапырағын баяу ғана қозғайды,
Ұйықтамаған, ұйықтамаған ояу бақ.

Келе жатам, жұрт та келе жатады,
Өзінше әркім рахатқа батады.
Ұясына күн кіре алмай тұрады,
Жапыраққа ілініп қап шапағы.

Келе жатам көше бойлап аяңдап,
Күні бойғы қызметімді тәмәмдап.
Ойым бұлттың арасында жүреді,
Бір жаңбырдың жауатынын хабарлап.

Келе жатам, келе жатам ақырын,
Бақшалардан мен естимін тату үн.
Бәз біреулер құшақтасып жатады,
Көптен көрмей, кездестіріп жақынын.

Келе жатам, көкірегімде жылы ағын,
Жүгіреді, арта түсіп құмарым.
Көшедегі күлкіні де шуды да,
Сол бір сәтте естімеді құлағым.

Көргендерге түсініксіз мінезім,
Сәби болам, ашсам егер жыр көзін.
Сол бір сәтте мен өзім – бір Алматы,
Сол бір сәтте мың бақшамын бір өзім.

Жарысқанда уақыт деген ұрымын,
Тағы шылым тартылд - ау түнімен.
Апатайым, бөлмей - ақ қой ұйқыңды,
Өткен түні тағы ұйықтамай шығып ең.

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері

Жалғыз қайтып бара жатам бақтан мен, Жалғыз қайтып бара жатам бақтан мен,
Жалғыз қайтып бара жатам бақтан мен, Күбірлесіп жүректегі хаттармен. Неге менің жанымдағы достарым, Дос болады дүниемен, ақшамен?!
Өсіп келе жатырмын - Төлеген Айбергенов Өсіп келе жатырмын - Төлеген Айбергенов
Кеудесінде таулардың, Кемесінде арманның, Жалау етіп өрлікті, Ескек етіп ерлікті, Есіп келе жатырмын!
Не істедің? Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Не істедің? Танакөз Толқынқызының өлеңдері.
Жүрегіңнен қандай жарық бөлінді, Басыбайлы құл болардай сезімге?
Ана Ана
Құлайын деп бара жатам құлдырап, Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап, Сол кезде бір ән естимін жақыннан, Аққан бұлақ секілденген сылдырап.
Өлең жазбасам Өлең жазбасам
Өлең жазбасам, бірдеңем жоғалғандай, Мазам кетіп жүремін оңала алмай. Әлсіздік пен мәнсіздік, мазасыздық, Соңымнан бір ереді олар қалмай.
Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені
Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені, елемей еш пендені, көлгірсіген шуылдақ жұрттың бәрін қойдай көріп жайылған тепсеңдегі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×