ойын сауық отауы
Қара қамшы. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығы.
01.07.2017 1 111 0 Дауыл

Қара қамшы. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығы.

Өлеңдер
Қара қамшы.
Автор: жас ақын Бек Ноғайбайұлы.

Қара қамшы
Қара қамшы енесің түсіме
кей кездерде,
Ұйықтасам да тып – тыныш
кісінемей.
Жон арқамнан осып бір
оятуға,
Тұрасың босағада күшің
келмей.

Мен ұйқыда жатамын тоя
қарын,
Мызғытып алмақ болып ой
алаңын.
Сен түсіме енгенде қара
қамшы,
Мен әкемді сағынып
оянамын.

Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы
Үштөбе жалпы білім беретін тірек мектебі «РО» КММ
Жинақтаған: 9 сынып оқушысы Серікова Айгерім Серікқызы
Жетекшісі: Өзін өзі тану мұғалімі Жунусова Куралай Мухамедьяровна.

Бек Ноғайбайұлы. Автобиография Бек Ноғайбайұлы. Автобиография
Жас ақын Бек Ноғайбайұлы 1997 жылы наурыз айының 15 жұлдызында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі ауылында дүниеге келген.
Қара базар. Бек Ноғайбайұлы. Қара базар. Бек Ноғайбайұлы.
Қара базар Қара базар адам толы қайнаған, Бірі таныс, бірі бөтен айналаң. Бәз біреудің істеріне қуанып, Бәз біреудің жүрісінен қайғы алам.
Ойнақтаған ойларым далада жүр. Бек Ноғайбайұлы. Ойнақтаған ойларым далада жүр. Бек Ноғайбайұлы.
Ойнақтаған ойларым далада жүр, Тәнтіреп тәнім қалды қалада құр, Балқантауда қалып еді Тұрсын жалғыз, Менде жалғыз қалармын қара да тұр.
Долы дауыл өзінше күш қылады. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығынан. Долы дауыл өзінше күш қылады. Бек Ноғайбайұлы
Долы дауыл өзінше күш қылады, Ақ қайыңды мұңайтты құстың әні. Көкте Құдай қол бұлғап шақырды ма? Абыр – сабыр аспанға ұшты бәрі.
Түн. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығынан Түн. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығынан
Желменен тербелсе жапырақ, Мен оны ойлаймын жатып ап. Бір кезде әйнектің сыртынан, таныс үн Тілдері күрмеле шақырад.
Дегендей хан – өлсе де тағы қалсын. Дегендей хан – өлсе де тағы қалсын.
Дегендей хан – өлсе де тағы қалсын, Балқантау айтып көкке базынасын. Балқанның шулайды кеп қайыңдары, Қойнауынан жоғалтып қазынасын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×