ойын сауық отауы
Ана махаббаты - Ақұштап Бақтыгереева
04.08.2018 3 295 0 Дауыл

Ана махаббаты - Ақұштап Бақтыгереева

Өлеңдер
Ана махаббаты.
Ақұштап Бақтыгереева‎

Әрдайым татулықтан көңілі өскен
Ешқашан бір - бірінен бөлінбестен,
Ертеде бір ауылға аңыз болған
Бір үйде екі абысын өмір кешкен.
Екі әйел тату болған шынында да,
Жүз шайып ұрыспаған ғұмырда да.
Тел еміп екі ананың ортасында
Өсіпті еркін ерке - бір ұл бала.
Өскен ұл өзі ақылды, арманы асыл.
Көргенде келбетіне таңданасың,
Ер жетіп, аң аулауға шыққан кезде
Ажалдан құтқарыпты ол хан баласын.
Хан барып өжет ұлды көрмек болған,
Сый сұрап жігіт өзі келмепті оған.
Батырдың анасына алғыс айтып
Ғажайып сарай салып бермек болған.
Қайтар ма пейілінен бір ауса хан,
Қайтару жақсылығын құмар - саған.
Қайсысы екі әйелдің анасы деп
Уәзірден кешіктірмей сұрау салған.
Туғалы ешнәрсені бөліспеген,
Екеуі не істе десе соны істеген,
«Екеуі менің туған анам» десе
Хан жігіт жауабына келіспеген.
«Анаңмен - уәзір - ханға жүр» дейді екен,
(Бұл халық татуды да күндей ме екен?)
Туғанын екі ананың қайсысынан
Жігіттің өзі де анық білмейді екен.
Бұл жайлы тіс жармаған бәле тіпті
Айтпапты екі әйел де төрелікті.
Шынында қайсысынан туды екен деп
Сол кезде ел де гулей жөнеліпті.
Бұл сауал қос ананы қапа қылды
Жігіт те ханға талай апарылды.
Сыйдан да, сарайдан да бас тартып ол
Жалынды ханға «қой - деп - шатағыңды».
Бір кезде татулықтың өлшемі еді,
Енді ол үй қасіреттен теңселеді.
Өжет ұл туған әйел қайсысы деп,
Білуге жағдайды хан өршеленді.
Бір күні ханның үні жаңғырықты.
Ел жинап сарай алдын шаң қалыпты,
Жігіттің қол - аяғын байлатқызып,
Сол жерге екі әйелді алдырыпты.
Депті ол: «Қысқартыңдар бұлдануды,
Жалындым, айтпадындар шындарыңды.
Енді мен екі сарай салғызам да,
Екіге бөліп берем ұлдарыңды».
Екіге хан жігітті шабам депті,
Айбалта әкелуге адам кетті.
Сол кезде бірінші әйел «мен келісем
Жігіттің жарты жағын алам», - депті.
Еңіреп енді бірі зар жылаған
Бөліске түспесін деп сорлы балам.
«- Мен үшін бөле көрме, жер бетінде
Құлыным аман жүрсе болды маған».
Ол солай қолын жайып алға шықты,
Көз жасы ақ тілеуге жалғасыпты,
Босатқан қол - аяғын жігіт келіп,
Сол жерде анасына жармасыпты.
Сол жерде толқып кеткен халық қатты,
Сонда ана ұлын көріп талып қапты.
Тағында мәз - мәйрам боп отырған хан
Қулықпен ұл анасын анықтапты.
Шынымен хан бөліске салады деп,
Үрейден қалған екен бала жүдеп.
Өлшеусіз мейірім мен махаббатың
Өзгеден бөлексің - ау, ана жүрек!

Бар махаббат - Ақұштап Бақтыгереева Бар махаббат - Ақұштап Бақтыгереева
Сенбе дос, өз сертінде тұрмағанға, Махаббат жалған десе бұл ғаламда. Махаббат болмаса егер, дала кезіп, Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма.
Мазасыз жүрек жырласын – Ақұштап Бақтыгереева Мазасыз жүрек жырласын – Ақұштап Бақтыгереева
Ақ сөйлеп, адал күлетіндермен, Шындықты жақтап жүретіндермен, Сыйластық сырын білетіндермен Танысқым келеді менің.
Ана туралы мақал - мәтелдер Ана туралы мақал - мәтелдер
Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың.
Айнам қалды Айнам қалды
Өтеді - ау қай кезде де арманда қыз, Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз. Болмаса дүниеде сұлу қыздар Кейінге айтылатын қалмайды аңыз.
Адрессіз бала Адрессіз бала
Алғаш көрген қалада адасуда, Тұрағы жоқ, келіпті баласына. Тілдестім де әйелді үйге әкелдім Мұқтаж болған қиын - ау жанашырға.
Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай сұрақтар қойғаны абзал? Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай
Кез келген жігіт пен қыздың арманы – бақытты отбасын құру. Ертеңгі күні таңдауларына өкініп қалмас үшін екеуі бір - біріне келесі сұрақтарды қойғаны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×