ойын сауық отауы
Сөз мәнісін айыра біл - Мұзафар Әлімбаев
01.04.2019 1 431 0 Дауыл

Сөз мәнісін айыра біл - Мұзафар Әлімбаев

Өлеңдер
Мұзафар Әлімбаев
Ана тіліне тағзым кітабынан

Сөз мәнісін айыра біл


Ескек ескен Есенкелді ағамыз,
Асау Ертіс айдынында ағамыз.

***
Ауыр екен қап,
Әттеген - ай, қап!

***
Мылтықтың оғы – қорғасын,
Қасқырдан малды қорғасын.

***
Қолындағы керней ме,
Керней бізге сөйлей ме?
Үрлегенде аузыңмен
Ішін ауа керней ме?

***
Жолдасыңмен келіс те,
Жұмысыңды кел, істе!

***
Асқосшы!
Бәйгеге сен де ат қосшы!

***
Абайламай, аяғына қарамай,
Табаныңа жағып алдың қара май.

***
Көкжиектің шетіне
Көтеріліп ай шықты.
Сырмақтардың бетінде
Еске салар айшықты.

***
«Алмаймын, - деп, - бақырды!»
Алтай біздің бақырды.

***
«Ерлігі елден ерек»
Жас кезде біз де ер ек», -
Деседі ақсақалдар,
Желкілдеп ақ сақалдар.

***
Қашан? Қайда? Қай мықты?
Қас дұшпаннан қаймықты?!

О, қорқайын мен неге? Мұзафар Әлімбаев О, қорқайын мен неге? Мұзафар Әлімбаев
Нағашы атасы: - Шам жақпаған үйде сен Қалмайды дейді. Қараңғы бөлмеге кір десең, Бармайды дейді. Осы рас па?
Сіңлің бар ма сенің? Мұзафар Әлімбаев Сіңлің бар ма сенің? Мұзафар Әлімбаев
Гауһар балабақшадан Мақтанды үйге кетерде: - Менің аппақ шекердей Туған сіңлім – бөпем бар. Өзінің аты – Шекербал!
Ойыннан қайтқан Орақ - Мұзафар Әлімбаев Ойыннан қайтқан Орақ - Мұзафар Әлімбаев
Ойнап - ойнап манадан, Орақ келді даладан. Пальто сүңгіп қуысқа, Бөрік зырлап бұрышқа, Етік шкаф үстіне Ұшып барып түсті де, Қолғап төрге атылды –
Туыстық жанға тым ыстық - Мұзафар Әлімбаев Туыстық жанға тым ыстық - Мұзафар Әлімбаев
Күн жетпейді, алаң боп Кітап оқи бастасам... «Шаруам көп, шамам жоқ», - Демейді анам ешқашан. Бізді бағып - қағады, Қайдан мұрша табады?!
Ана тілім ғажап деп айта аламын - Мұзафар Әлімбаев Ана тілім ғажап деп айта аламын - Мұзафар Әлімбаев
Ана тілім ғажап деп айта аламын, Жәннаттай жан балқыта жай табарым. Шырқатып ғұмыр бойы айтар әнім - Келеді толас таппай қайталағым.
Білгішін – ай Білгішін – ай
Асанды ерттім жаныма Бауға бірге барғалы. Біледі ол айыра, «ЗИМ» мен «ЧАЙКА», «ВОЛГАНЫ».
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×