
Ата, бата
Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев
Мектептен (қайтты) Марияш,
Әліппесі қолында.
Шақырады оны атасы:
«Кел, құлыным, кел мұнда».
Марияш:
«Ата, ата!»- дегенде,
Атасы:
«Кұлыным ата дейді ғой!»
Марияш:
«Бата, бата!»- дегенде,
Атасы:
«Құлыным бата дейді ғой!
Бата десең, қарт атаң
Айналсын сендей ботасын!
Оқы, құлыным, әлім бол,
Атаң берді батасын!».
Мектептен (қайтты) Марияш,
Әліппесі қолында.
Шақырады оны атасы:
«Кел, құлыным, кел мұнда».
Марияш:
«Ата, ата!»- дегенде,
Атасы:
«Кұлыным ата дейді ғой!»
Марияш:
«Бата, бата!»- дегенде,
Атасы:
«Құлыным бата дейді ғой!
Бата десең, қарт атаң
Айналсын сендей ботасын!
Оқы, құлыным, әлім бол,
Атаң берді батасын!».

Ниеттерің ақ болсын, Наурыздың ақша қарындай! Бастарыңа бақ қонсын, Шашыңның барлық талындай!

Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап, Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап. Қырық парыздың біреуі осы дейді, Исламда атқарар міндетке арнап.

О, Жамбыл, бата дедің, бердім саған, Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман. Батасын ат орнына берді ғой деп, Қоймағын былай шығып кінә маған.

Айналайын, құлыным! Ғұмырымдағы тынысым! Маңдайымдағы ырысым, Тілегімізді ақтасаң, Әрқашанда ірісің.

Бүлдірген беті бөбектің Қолында отыр сылдырмақ. Өзі сақ - сақ күледі Сылдырмақтай сылдырлап.