ойын сауық отауы
Кешір, мені!
20.10.2020 7 446 0 Admin

Кешір, мені!

Өлеңдер
Кешір, мені!
Жеңдіре алмай ақылға ашуымды,
Әбжыландай шашыппын, рас, уымды.
Енді сені көргенде қыпылықтап,
Бой көрсетпей, қарашы, қашуымды.
Сала - құлаш сөз сөйлеп алдыңдағы,
Кешіре гөр орынсыз тасуымды.

Нардай жігіт болсам да күшіндегі,
Пендемін ғой өзіңдей,
Түсін мені!
Бетке басып қатемді қайта - қайта,
Жазғырмашы бір сөзім үшін мені.
Айтарымды айттым - ау,
Артындағы
Өкінішін білсең ғой ішімдегі.

Менен кетті ағаттық,
Кешір мені!
Қара бастың құрыды есіл демі.
Жүрегіңді ауырттым.
Содан бері,
Ар - ұжданым не күйді кешірмеді?!
Тап болардай өмірі бір пәлеге,
Айналшықтап қоймады - ау кесір мені.

Өкініштен өзегім өртенуде,
Өртенуде,
Өзінен жеркенуде.
Кешір мені!
Кеш мені!
Содан бері,
Көңіл дейтін қошым жоқ "көркем үйде".
"Жәбір жасап қойдым", деп бір пендеге,
Қара басым жастанып, жер тебуде.

Жеңдіре алмай ақылға ашуымды,
Әбжыландай шашыппын, рас, уымды.
Енді сені көргенде қыпылықтап,
Бой көрсетпей, қарашы, қашуымды.
Сала - құлаш сөз сөйлеп алдыңдағы,
Кешіре гөр орынсыз тасуымды.

Кешір, мені!...
Санжар Ғұлама

Кешір Алла. Кешір Алла.
Кешір Алла, алдыңда күнәһармын. Сен болмасаң жанымды, жұбатар кім? Маңдайыма жазшы Аллам өтінемін. Қу басымды сәждеге құлатар күн.
Сен де мені тергемеші. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Сен де мені тергемеші. Танакөз Толқынқызының
Сен де мені тергемеші Шалқасынан туған айым. Жер болғанда жерлемеші, Мен де сені қинамайын...
Кешірім сұрауға арналған әндер Кешірім сұрауға арналған әндер
Кейде өз жартыңызды ренжітіп алған жағдайда кешірім сұрау қажет. Осындай кезде төмендегі әндерді тыңдасаңыз пайдасы тиеді деп ойлаймын. Өзіңізге
Халыққа хат Халыққа хат
Туған халқым! Қатемді кешір менің? Сенің арқаң сескенбей, есіргенім. Егерде жырың болмай, ұрың болсам, Алақанға саласың, несін мені
Дәрігеріме Дәрігеріме
Керегі жоқ, Керегі жоқ, Керегі жоқ бәрінің! Иненің де керегі жоқ, Керегі жоқ дәрінің! Кетсем егер, пленканың үзілген бір әнімен, Қалсам егер, қара
Ayree – Кешір мені Ayree – Кешір мені
Ayree – Кешір мені
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×