ойын сауық отауы
Жүректің серенадасы
01.12.2020 2 071 0 Admin

Жүректің серенадасы

Өлеңдер
Жүректің серенадасы
(Сұлулық салтанатына арналған элегиясы)

Арқаның кетсе - дағы күні суып,
Сезімді жиырма бестің демі буып,
Жаздағы шатырлаған найзағайдай,
Келеді тылсымымнан бір жыр туып!

Толған Ай жер бетіне сәуле шашып,
Түнектің келіндейін бетін ашып,
Тұлпардай ерттелмеген,
Жүгені жоқ –
Қиялым бой бермей тұр,
Ала қашып.

Алғанмен жердің бетін сүтке малып,
Жұлдыздар ортасында Ай қамалып,
Сорғалап көз жасындай із қалдырып,
Кеткені бір жұлдыздың жерге тамып...

Кімнің бұл жұлдызы екен жерге аққан?
(Әйтеуір мен емеспін отын жаққан).
Шексіз ғой құдіреті Жаратқанның,
Ғарышқа Құс жолындай моншақ таққан.

Ажары тамылжыған Ай бетінде,
Шуағы шапағаттың келбетінде.
Мен үшін аппақ гүлдей үлбіреген,
Сұлу жоқ сенен асқан жер бетінде.

Ақылға біткендейін жазық маңдай,
Дауысы сыңғырлаған, күміс таңдай.
Ерніне күлкі үйрілген суретінен,
Түріліп түн етегі, таң атқандай!

Қайқиған кірпіктері жебелердей,
Кезелсе –
Жаһаннамға жіберердей.
Төгілген жанарынан сыйқыр сәуле,
Кей - кейде бал орнына у берердей...

Сұлулық болады екен,
Мұнандай да!!!
(Игілер сонысына қуанбай ма?)
«Бар – деп те, адамзаттың періштесі»,
Жаралы жүрек соған уанбай ма?

Қуаныш МҰҚТАЙ
Халық ақыны, қоғам қайраткері
28. 11. 20 жыл

Қазағымның қыз-келіншектерінің пәс көңілдері бір жұбанып қалсын деген ниетпен қазақтың қара домбырасындай қарапайым ақыны мен едім, жыр шашуымды қабыл алыңдар!
Жарыққа шығып кеткен соң менде өзімдікі деген өлең жоқ, баршамызға ортақ деп есептеңдер!
Ұлтына ақынның өзі де ортақ, өлеңдері де ортақ!

Сәкен Сейфуллин - Ақша қар Сәкен Сейфуллин - Ақша қар
Ақша қар үлпілдеген қалқып ұштың, Жер үшін шатты жайдан – көктен түстің. Қайғысыз мәңгі сәби періштелер, Мәңгілік жайын тастап жерді құштың.
Бойжеткендер білуі тиіс сұлулық сырлары Бойжеткендер білуі тиіс сұлулық сырлары
Теріңіз мерзімінен ерте қартайып, бұзылмауы және үнемі сұлу, сымбатты болып жүру үшін қажет. Назарларыңызға сұлулық сырларын ұсынамыз.
Алшы Алшы
Ақ кимешек басында, Ақ ниетті сөзі де. Аппақ еді шашы да, Ақ қағаздай өзі де.
Толған ай Толған ай
Тұрасың, мейірімді Ай, нұрың шашып, Бұғып жүр қараңғылық бетін басып, Толсаң да солсаң - дағы айрылмайтын Жолдасың - жұлдызыңмен қол ұстасып.
Абай Құнанбайұлының өлеңі Жүректе қайрат болмаса Абай Құнанбайұлының өлеңі Жүректе қайрат болмаса
Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек.
Гауһар...... Гүлшаш Гауһар...... Гүлшаш
Гауһар...... Гүлшаш ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар. ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×