ойын сауық отауы
Бақытым сенде болсын
31.01.2021 1 029 0 Admin

Бақытым сенде болсын

Өлеңдер
Бақытым сенде болсын

Шәрбәтіңді қанығып бір ішпесем,
Махаббатпен достасып біліспес ем.
Сүймесем мен өзіңе келмес едім,
Бал татуға кеп тұрып у ішпес ем.

Сезімдерге бойымды бағындырған,
Шебер қандай тәңірім табындырған.
Күндіз - түні ойлаймын бір өзіңді,
Сен үшін өзім пида, жаным құрбан.

Түсе берем сан ойға, мың түрге мен,
Сезіміңді мен деген сөндірме сен.
Меніменен бір күліп, бір жүрмесең,
Не болар халім менің, білдіңбе сен?

Көкжиектен көрініп бақыт деген,
Сол биікке туралап тартып келем.
Кедергі боп киліккен бейнеттерін,
Өңгеріп ап арқама артып келем.

Бақытпенен бейнетің - төккен жасың,
Екеуін екеумізге бөле жарсын.
Бақытын басқаға емес саған берсін,
Ал бейнеті сенде емес менде қалсын.

Шаманов Биғали

Туған жерге Туған жерге
Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн, Анам сенсің, жолдан тайсам, ұрсатын. Саған қарай ұлып келем, туған жер, Көктем жаққа құстар солай ұшатын.
Қызғанып қалма, жаным, сен Қызғанып қалма, жаным, сен
Біреулер менің қолымды қысса, жаныма қейде күліп кеп, қызғанып қалма, жаным, сен: сен үшін ғана құрметтеп мені тұратын шығар жігіттер, қызбалық
Мынау қолым, басым мынау Мынау қолым, басым мынау
Мынау қолым, басым мынау, жүрегімде - тосын әнім; Жүзім күңгірт, шашым қырау, неде болса, осы барым. Көзбен көрем, үйренемін, ол да менің бір
Үш бақытым Үш бақытым
Ең бірінші бақытым - Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Бақыт деген Бақыт деген
«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...» Бақыт деген - сенің бала күндерің
Туған жер Туған жер
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде Ойын ойнап, шыбын - шіркей қуған жер.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×