ойын сауық отауы
Байқа, қалқам!
06.05.2016 2 707 0 Дауыл

Байқа, қалқам!

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Байқа, қалқам!
Қалай?!!
Қалай?!
Қалқам, маған не дедің?!
Meн өзімді зерттей алмай келемін.
Өзім жайлы жалғыз ғана дерегім -
Өзгелерге түсініксіз өлеңім.
Өмірім бар, өкпем де бар, наз - мұң да.
(Аңдап көргей, өзім жайлы жаздым ба?!
Қаршадайдан өмір кешіп саз, құмда,
Ақылымды ат тепті ме, аздым ба?!
Түсінбеймін неге келдім?!
Heгe өттім?
Мына өмірде нені жойдым, нені ектім?!
Байқа, қалқам!
Мен де саған керекпін!
(... Қазір қыс қой, жапырақсыз терекпін).

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өмір жайлы Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Қара өлең Қара өлең
Қалқам, Мен Лермонтов, Пушкин де емес, Есенинмін демедім ешкімге мен, Қазақтың қара өлеңі - құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Хал мүшкіл, қалқам Хал мүшкіл, қалқам
Керемет кезде тусақ та, Керемет шақта тұрсақ та, Білдірмей іштен тынсақ та, Біздің хал мүшкіл бұл шақта.
Нені аңсаймын Нені аңсаймын
Нені аңсаймын?.. Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын, Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Жүрегім менің - жанартау Жүрегім менің - жанартау
Жүрегім менің - жанартау, Жалын боп шығар от - демім. Келем деп қамсыз, самарқау, Өртеніп, қалқам, кетпегін.
Жүр, қалқам Жүр, қалқам
Шайқалып нұр, Маужыраған мамырдан май тамып тұр. Жайқалып қыр, Тауға соққан боз сағым қайта ағып тұр. Айталық сыр, Серуендеп, жүр қалқам, қайталық
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×